Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Патронажды медбике" мобильді қосымшасының мүмкіндіктері

"Патронажды медбике" мобильді қосымшасының мүмкіндіктері


Аймақта медбикелер мен ата-аналарға балаларды күтуге арналған "Патронажды медбике" мобильді қосымшасы тиімді іске асуда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі республикалық электронды денсаулық сақтау орталығының Қызылорда облысы бойынша филиалының денсаулық сақтауды ақпараттандыру бөлімінің басшысы Ғалымжан Қазиев мәлімдеді.
Мобильді қосымша арқылы жүкті әйелдер мен балалардың денсаулығына қатысты деректері жиналады және тіркеу бойынша қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар, қосымша туғаннан бастап 3 жасқа дейінгі балалар денсаулығын, отбасының тұрмыстық және әлеуметтік жағдайын, жүкті әйелдің денсаулығына қауіп-қатерді бағалауға мүмкіндік береді. Бұл мобильді қосымшамен барлық денсаулық сақтау ұйымдарының медбикелері жұмыс істей алады. Сондай-ақ, болашақ аналар немесе балалардың ата-аналарға видео және оқу материалдары түрінде көмек алуға мүмкіндік бар.
07 ақпан 2018 ж. 2 811 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930