Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БИЫЛ ҚЫЗЫЛОРДАДА "АҚЫЛДЫ АЯЛДАМА" ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ

БИЫЛ ҚЫЗЫЛОРДАДА "АҚЫЛДЫ АЯЛДАМА" ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ


Биыл қалада «Ақылды аялдама» жобасын іске қосу жоспарлануда. Нәтижесінде, қоғамдық көлікпен жүретін қала тұрғындары автобустардың қашан келетінін смартфондағы мобильді қосымша арқылы біліп отырады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникацияларқызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким мәлімдеді.
- Қызылордалықтар өздерінің смартфондағы қосымшалары арқылы автобустың қашан келетіні туралы мәлімет ала алады. Сонымен қатар, жолақыны қолма-қолсыз төлем жүйесі арқылы төлеуге мүмкіндік жасамақпыз. Әлемде төлемдер карточкамен емес, телефон арқылы төленеді. Осындай функцияны іске асыруға жұмыс жасап жатырмыз,-деді Евгений Ким.
Биыл денсаулық саласы аясында "Емделушінің электронды төлқұжаты" жобасын іске асыру да қолға алынбақ.
- Емделушінің төлқұжаты арқылы оның бойында анықталған сырқаттарды білуге болады. Сондай-ақ, пациент дәрігерге қай уақытта жазылғысы келетінін де нақтылай алады. Сонымен қатар, керек дәріні кез-келген дәріханадан онлайн режимде көруіе мүмкіндік болмақ. Ал, білім саласына енгізілетін "Электронды журнал" жобасы бойынша оқу материалдарымен таныса алады, онлайн түрінде білім алады және шалғай елді мекендердегі білім ұялары цифрлы жүйемен қамтамасыз етіледі, - деді облыс әкімінің орынбасары.
Өңірлік Коммуникациялар Қызметі фейзбук парақшасынан
27 қаңтар 2018 ж. 1 166 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930