Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Пилоттық аймақ

Пилоттық аймақ


Бүгін Өңірлік Коммуникациялар Қызметінің ақпараттық алаңында облыс əкімінің орынбасары Евгений Ким өткен жылы атқарылған жұмыс туралы баяндады. Аймақ экономикасын əртараптандыру мақсатында 25 индустриялық жоба іске асырылып жатыр. Онда 6,3 мың адам жұмыспен қамтылады. Өткен жылы облыстағы 6 индустриалды аймақта 5 ірі жоба қосылып, онда 112 азамат еңбек етіп жүр. Шағын жəне орта бизнеспен айналысушылар қатары да артқан. Кəсіпкерлікті дамыту, бизнес ашамын дегендерді қолдау мақсатында 114 жобаға мемлекеттік қайтарымсыз грант бөлінген. "Бастау-Бизнес" жобасы аясында 434 кəсіпкер ауылдар мен облыс орталығында кəсібін дөңгелетуге шағын несие алды. 
Биыл аймақта бірқатар ірі кəсіпорынды іске қосу межеленіп отыр. Олардың қатарында шыны зауыты, молибден үш оксиді жəне балық өңдеу зауыттары, пластикалық қайық шығаратын цех, құс фабрикасы бар. 
Айтпақшы, биыл біздің облыс "Ақылды басқару" жобасы бойынша пилоттық аймақ болып анықталды. Цифрландыруды дамыту үшін білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жəне энергетика салалары негіз болады. Сонымен қатар, биыл мемлекеттік-жеке меншік əріптестік аясында Қызылорда қаласы, Шиелі жəне Жаңақорған аудандарында көше жарықтандырудың жетілдірілген жүйесі енгізілмек. 
26 қаңтар 2018 ж. 1 490 0