Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БИЗНЕС-ҚАУЫМДАСТЫҚПЕН КЕЗДЕСТІ

БИЗНЕС-ҚАУЫМДАСТЫҚПЕН КЕЗДЕСТІ

Ағымдағы жылы 20 желтоқсан күні облыс әкі­мі Қырымбек Көшербаевтың бизнес-қауымдастықпен жыл сайынғы дәстүрлі кездесуі өтті.
Облыстық мекемелер үйінің мәжіліс залында 100-ге жуық қатысушылар, оның ішінде, басқарма басшылары, банк, қаржы институттары, өңірлік кәсіпкерлер палатасы және бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – кәсіпкерлік сала­сының дамуына үлес қосқан азаматтарды, олардың қызметтерін халық назарына жеткізу және жас кәсіпкерлерге үлгі көрсету, кәсіпкерлік саласының өзекті мәселелерін талқылау.
Бизнес – қауымдастық өкілдері өңірдің әлеу­меттік-экономикалық дамытуда белсенділік таныт­қаны және кәсіпкерлікті дамытуға үлес қосқаны үшін облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Кездесуді қорытындылай келе, аймақ басшысы барлық бизнес идеяларды қолдайтындығын білдіре отырып, кәсіпкерлерді облыстың кәсіпкерлік секторын дамыту бойынша бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.
«Өскен өңір» ақпарат.
25 желтоқсан 2017 ж. 1 272 0