БИЗНЕС-ҚАУЫМДАСТЫҚПЕН КЕЗДЕСТІ
Ағымдағы жылы 20 желтоқсан күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың бизнес-қауымдастықпен жыл сайынғы дәстүрлі кездесуі өтті.
Облыстық мекемелер үйінің мәжіліс залында 100-ге жуық қатысушылар, оның ішінде, басқарма басшылары, банк, қаржы институттары, өңірлік кәсіпкерлер палатасы және бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – кәсіпкерлік саласының дамуына үлес қосқан азаматтарды, олардың қызметтерін халық назарына жеткізу және жас кәсіпкерлерге үлгі көрсету, кәсіпкерлік саласының өзекті мәселелерін талқылау.
Бизнес – қауымдастық өкілдері өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамытуда белсенділік танытқаны және кәсіпкерлікті дамытуға үлес қосқаны үшін облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Кездесуді қорытындылай келе, аймақ басшысы барлық бизнес идеяларды қолдайтындығын білдіре отырып, кәсіпкерлерді облыстың кәсіпкерлік секторын дамыту бойынша бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.
«Өскен өңір» ақпарат.