вице-министр аурухана жұмысына оң баға берді
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев: «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажет» деп айтып өткен болатын. Жалпы, дүниежүзінде 15-тен аса мемлекет цифрландыру бағдарламасын қабылдаған. Бүгінгі таңда Қазақтандағы барлық салада цирландыру қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Кездесу барысында вице-министр қазіргі уақытта республиканың 4 өңірінде электронды құжат айналымы енгізіліп, Қызылорда облысында медициналық ақпараттық жүйелерді енгізу көрсеткіші 95%-ды құрап отырғанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласы халықтың, мемлекеттің және жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кезең-кезеңімен көшетін болады.
Еліміз индустрияландыру, жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуды көздеп отыр. Яғни, өнеркәсіптік революцияның мүмкіндіктерін өзіміздің даму мақсатымызға пайдалана білуіміз қажет. Елбасының кезекті Жолдауында халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және жаңа технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныстың арта түсетіні айтылады. Осы орайда Ләззат Мейрашқызы Шиелі аудандық орталық аурухананың жағдайымен танысты. Ондағы медициналық технологиялардың жұмыс жасау сапасын тексерді. Перзентхана мен қабылдау бөлімін аралап, денсаулық сақтау саласының жұмысына оң бағасын берді. Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Шиелі аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Я.Шорабаев
ауданда 2013 жылы жаңа емхана пайдалануға берілгенін және 9 ауылда дәрігерлік нысандар салынғанын жеткізді. Сонымен қатар, өткен айда облыс әкімі Қ.Көшербаевтың ауданда іс сапары болып, жобалық құны 7 млрд. 41 млн. теңге болатын 150 төсектік аурухананың алғашқы кірпіші қаланғанын айтып өтті.
Вице-министрдің айтуынша, елімізде жыл сайын медициналық-санитарлық алғашқы көмек дәрігерлеріне, яғни, емханаларға 50 миллионға жуық адам қаралады. Нақтырақ айтар болсақ, әрбір қазақстандыққа шаққанда, жылына кем дегенде 3 реттен келеді екен. Жолдауда туындаған он мүмкіндіктің бірі – осы үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт. Сондықтан, медицина саласын цифрландыру қыруар қаржыны қажет ететін ауру-сырқаудың алдын алуға арналған бағдарлама. Яғни, бұл адам өмірінің соңына дейінгі денсаулығы жайында мәліметтің тіркелуіне жол ашады. Демек, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы арта түсетін болады.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЕВА.
Суретті түсірген Б.БӘЙІМБЕТ.