Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰЛТТЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫ

ҰЛТТЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫ

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауларынан денсаулық сақтау саласы тысқары қалған емес. Биылғы Жолдауда да дені сау ұлт қалыптастыру ісіне айрықша көңіл бөлген Мемлекет басшысы халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсетінін орынды атап өтті. Жастардың репродуктивті ден­саулығын қорғауға және нығайтуға ерекше назар аудару керектігіне тоқталған ол ұлттық медицинаның қымбатқа түсетін ста­ционарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуы керек екенін негізгі бағдарға алды.
Кез келген ұлттың негізгі капиталы адам десек, оның өз елінде сапалы медицинаға қол жеткізе алу мүмкіндігін қалыптастыру аса маңызды. Осындай мақсатта 2008 жылы Ұлттық ней­рохирургия орталығы құрылды. Бұл – Орта Азиядағы жаңа емдеу әдістерін қолданумен ерте диагностикалаудан бастап, пациенттердің оңалуымен аяқталатын нейрохирургиялық қыз­меттерді толығымен көрсететін көшбасшы клиникалардың бірі. Орталықтың ма­териалды-техникалық базасы Орталық Азияда теңдесі жоқ және ең жоғарғы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Бұл әрбір жағдайда дәл диагностика жасау мен емдеудің нақты әдісін қолдануға мүм­кіндік береді. Орталықта 96 дәрігер және 232 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді. Дәрігерлердің 48 пайызы жоғарғы санатты, 6 дәрігер – медицина ғылым­да­рының докторы, 18 дәрігер – медицина ғылым­дарының кандидаты, 3 дәрігерде – PhD деңгейі бар. Ұлттық нейрохирургия орталығы жыл сайын 3000-нан астам операция жа­сайды.
Жолдауда айтылған «Ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлы қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қол­данбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажет» деген пікірді қолдаймын. Медициналық мекемелердің жұмысы халық үшін оңтайлы әрі жедел көмек көрсетуге барынша тиімді формада ұйым­дастырылуы керек.
Серік АҚШОЛАҚОВ,
«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы
09 ақпан 2018 ж. 1 249 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930