МАМАНДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН ӨТТІ
Елбасы биылғы Жолдауында «қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, аурудың алдын алуға бағытталуға тиіс» деп баса айтқан болатын. Осыған орай, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті созылмалы аурулардың алдын алу мақсатында өз мамандарын медициналық тексеруден өткізді.
Медициналық тексеру барысында қызметкерлердің артериялық және көздің артериялық қан қысымын, қандағы қант пен холестерин көрсеткіштерін анықтады. Скринингтік тексеруден 50-ге жуық адам өтті.
– Жолдау жүктеген міндетке сәйкес созылмалы аурудың алдын алу үшін қызметкерлерімізді тексеруден өткізіп жатырмыз. Зерттеу жұмысы №1 емхана дәрігерлерінің көмегімен жүзеге асуда. Бұл арқылы біз қаншама аурудың туындау себебін анықтап, оның алдын аламыз, – дейді облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.
Тексеру соңында дәрігерлер қан қысымы мен қант және холестерин көрсеткіштері жоғары қызметкерлерге өзі қарайтын аймақтың емханасына қаралуға кеңес берді.
М.ОТАРАЛЫ.