Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 67 МЕДИЦИНАЛЫҚ ТІРЕК САЛЫНАДЫ

67 МЕДИЦИНАЛЫҚ ТІРЕК САЛЫНАДЫ


Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында 67 медициналық тіректің құрылысы жүргізілетін болады. Бұл туралы облыс әкімдігінің кеңейтілген мәжілісінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев мәлімдеді.  

Бұдан бөлек басқарма басшысы өткен жылы өңірде 33 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізілгенін атап өтті. «2018 жылы тағы да 9 меди­циналық, оның ішінде 6 емхана мен 1 ауылдық емхана және 2 дәрігерлік ам­бу­латорияның құрылысы жоспарлан­ған. Сон­дай-ақ мемлекеттік-жекемен­шік әріптестік аясында Шым­кент қала­сында 3 емхана құры­лысы бас­талады» деді ол.
Облыс әкімі Ж.Түймебаев жиынға қатысқан тиісті сала басшыларына бюджеттің атқа­рылуына баса назар аударып, жекешелендірудің кешенді жоспарын белгіленген мерзімде өткізуді, республикалық қаржы­лардың қысқаруына жол бер­меуді және ден­саулық сақтау жөніндегі перспек­тивалық жоспарды «Денсаулық» мем­лекеттік бағдарламасымен үйлестіре отырып іске асыруды тапсырды. «Денсаулық сақтау жүйесінің инфра­құрылымын дамытуда мемлекеттік жекемен­шік әріптестік тетіктерін ба­рынша қолдану қажет. Осы ретте биыл атқарылатын жұмыстарды жүйелеп, нақты іс-әрекет жо­с­парын бекітуді тапсырамын»деді өңір басшысы.
Е.МҰРАТБЕК, 
11 қаңтар 2018 ж. 1 274 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930