Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада денсаулық сақтау мекемелеріне медициналық құрылғылар сатып алынды

Қызылордада денсаулық сақтау мекемелеріне медициналық құрылғылар сатып алынды


Қызылордада инсульт, онкологиялық аурулар мен жүктілік кезеңіндегі асқыну секілді бірқатар ауыр дерттің алдын алу үшін Жол картасы әзірленді. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінді. Қомақты қаржы негізінен соңғы үлгідегі медициналық құрал-жабдықтар алуға бағытталып отыр. Мәселен, соңғы жылдары өңірдегі денсаулық сақтау мекемелеріне 150 медициналық құрылғы сатып алынған. Олардың бірқатары облыстық балалар ауруханасы мен перенатальдық орталыққа беріліп отыр. Сондай-ақ сатып алынған заманауи құралдар арасында күрделі операциялар барысында өзге аймақтармен тікелей телебайланыс орнатуға арналған германиялық озық технологиялар да бар. Гүлнар Жұмашева, облыстық перенатальдық орталықтың бас дәрігері: - Жергілікті бюджеттен облыстық денсаулық сақтау басқармасы арқылы 200 млн теңгеге қажет аппаратуралар алынды. Соңғы үлгідегі аппаратуралар. Соның бірі міне осы операция бөлімінің ішінде тұр. Интеграциялық-телекоммуникациялық операциялық жүйе. Бұл жүйенің ерекшелігі, лапраскопиялық операциялар жүргізілген кезде телемедицина модулі арқылы көруге мүмкіншілігіміз бар.

24.kz
09 желтоқсан 2017 ж. 1 898 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930