Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлем құтыла алмай отырған қоқысты Швеция неге сатып алады?

Әлем құтыла алмай отырған қоқысты Швеция неге сатып алады?


Әлем елдерінің бас ауруына айналған қоқыс мәселесін шешкен дамыған елдердің бірі – Швеция. Ол ол ма, бұл елде қоқыс тапшылығы орын алуда. Әлем миллиондаған тонна қоқыстан құтыла алмай отырғанда аталған ел қоқыстан энергия алады.

Бұл туралы islam.kz жазады.
Бұл елде қоқыс өңдейтін 32 зауыт бар екен. Қоқыстан алынған энергиямен елді жылумен және электр энергиясымен қамтамасыз етіп отыр. Нақтырақ айтқанда, 810 мың үйді жылумен, 250 мың үйді электр энергиясымен қамтамасыз етіп отыр. Қоқыстың жартысы екінші мәрте өңдеуге жіберіледі, қоқыс өңдейтін зауыттар жұмыс істеуі үшін осыдан бірер жыл бұрын шикізат тапшылығын тартқаны бар.
Содан болар, өзге елдерден қоқыс сатып алуға, яғни, тасымалдауға көшкен болатын. Мәселен, 2014 жылы сырттан 800 тонна қоқыс әкелінген екен. Өрткелген қоқыстың күлі қоршаған орта мен экологияға тигізер зияны аз деп есептеледі. Алайда, шведтер қоқыстың барлығын өртеуден пайда болатын 15 пайыз күлдің (қоқыстың бастапқы салмағына шаққанда) өзін кәдеге жаратады. Дәлірегі, күлдің өзі сұрыптап, қайта өңдеуге жөнелтеді.
Алынған қалдықты жол құрылысына пайдаланады. Сонда қоыстан бар болғаны 1 пайыз ғана қалдық қалады екен. Қоқысты жағудан пайда болатын түтіннің 99,9 пайызы улы емес, оны құрғақ сүзгі мен судан өткізіп алады. Сүзгідегі шлакты қаңырап қалған шахталарды толтыруға пайдаланады. Сол себепті, әлем бойынша Швейия экологиясы ең таза ел атанып отыр. Осыдан 20-30 жыл бұрын тұрмыстық қалдықтар мен қоршаған ортаның ластануы дамыған елдерді одан құтылудың жолын іздеуге итермелеген еді. Нәтижесі осындай.
17 қараша 2017 ж. 2 267 0