Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА НҰРОТАНДЫҚТАРДЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ҚАТАРҒА ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА НҰРОТАНДЫҚТАРДЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ҚАТАРҒА ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ ӨТТІ

Астана күні қарсаңында Қызылорданың Достық үйінде «Нұр Отан» партиясына салтанатты түрде қабылдау шарасы өтті.
Қызылорда облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Қырымбек Көшербаев Астана күні мерекесі қарсаңында партия қатарына қабылданған нұротандықтарды құттықтап, партия билеттерін табыстады.
«Біз осындай санаулы мерзім ішінде Еуразияның маржанындай болған, әсем де көрікті қала тұрғыза алдық. Бұл барша қазақстандықтардың береке-бірлік, тындырымды тірлігінің арқасында іске асқан дүние. Астана қаласының 20 жылдығы қарсаңында еліміздегі жетекші саяси ұйымның қатарына жаңадан қабылданып жатқан азаматтарды, партияластарды Мемлекет басшысы, партия Төрағасының стратегиялық жоспарларын жүзеге асыру жолында белсенді жұмыс жасауға шақырамын. Экономикалық дамудың жоғары қарқынын және барлық азаматтардың әл-ауқатын талап деңгейінде қамтамасыз етуді ел алдындағы міндетім деп қабылдайды деген сенімдемін» - деді аймақ басшысы.
10 қызылордалық азамат партия қатарына қабылданды.
Сонымен қатар, Қырымбек Көшербаев партия белсенділерін марапаттады. Партия мүшелерінің 4-і «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының құрмет грамотасымен, 10-ы облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының алғыс хатымен және бір нұротандық «Партия жұмысындағы белсенділігі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
07 шілде 2018 ж. 952 0