Шиелі: №6» кен басқармасының құрылғанына 40 жыл
Бүгін Шиелі ауданындағы ірі уран өндіруші кәсіпорын «№6» кен басқармасының құрылғанына 40 жыл толуына орай аудандық мәдениет үйінде салтанатты кеш өтті.
Мерейтойға орай ұйымдастырылған кешке Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы Наурызбай Сейтқалиұлы, аудан әкімі Нұржан Сәбитұлы, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының HR (ЭйЧар) және цифрландыру жөніндегі бас директоры Әлібек Мансұрұлы және де сала ардагерлері мен кәсіпорын қызметкерлері, аудан тұрғындары қатысты.
Шараның алғы сөзі Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы Наурызбай Сейтқалиұлына беріліп, Наурызбай Байқадамов кен басқармасына облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының ыстық ықыласын жеткізді. Келесі кезекте сөз алған аудан әкімі Нұржан Ахатов кен басқарасын 40 жылдық мерейтоймен шын жүректен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Шара барысында бірқатар кен басқарманың қызметкерлері облыс әкімінің, аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталса, Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен «6 Кен басқармасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры Искаков Дауржан Мұхамеджанұлы марапатталды. Сондай-ақ, І дәрежелі «Қазақстан Республикасы атом саласының еңбек сіңірген қызметкері» құрмет төсбелгісімен кәсіпорында қажырлы қызмет еткен бірқатар азаматтар марапатталды.
Мұнан соң мерекелік шара, өнер жұлдыздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

«Еліміздегі тау-кен өнеркәсібінің жетекші салаларының бірі - уран өндірісінің жолға қойылғанына биыл 72 жыл толып, бүгінде уран өндірісі аймағымыздың, оның ішінде Киелі Шиелі ауданы экономикасының негізгі тірегіне айналды. Жалпы Қазақстанда әлемдегі бүкіл уран өндірісі көлемінің шамамен 40 пайызы, яғни жылына 20 мың тоннадан астам уран өндіріледі. 2018 жылдан бері еліміз уран өндіру мен сату бойынша әлемде бірінші орынға, ал уран қоры бойынша екінші орынға тұрақтады. Нәтижесінде, қазіргі таңда «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атам компаниясында» жұмыс істейтін Қазақстан азаматтарының саны 20 мың адамға жетіп отыр. Бүгінде кәсіпорын ізденіс пен тынымсыз еңбектің нәтижесінде қуатты құрылыс базасын қалыптастырып, материалдық-техникалық базасын толықтай жаңартты. Мұнан бөлек, 500-ден астам азаматты тұрақты жұмыс орындарымен қамтып, жұмыссыздық деңгейінің айтарлықтай төмендеуіне ықпал етті», - деді аудан әкімі.