Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 25 жылдығын тойлады

25 жылдығын тойлады

Бүгінде ауданда айтарлықтай маңызға ие болған «ҚазАтомӨнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының құрылғанына биыл 25 жыл толып отыр. Осыған орай, ­жуырда М.Шоқай алаңында мерекелік шара өтті. Мерекелік кеш аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен ашылып, елімізге белгілі өнер жұлдызы Серік ­Ибрагимов ән шырқады.
Мерекелік кеште аудан әкімі Нұржан Ахатов сөз сөйлеп, Ұлттық компания ұжымын мерейтоймен құттықтады.
– Өздеріңізге белгілі, елімізде өндірілетін уранның басым бөлігі Қызылорда облысына тиесілі болса, оның ішінде Шиелі ауданында өндірілген уран Өскеменде өңделіп, жер-жаһанға таралады. «ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық компания­сына тиесілі мекемелер жер астынан ырзығын теріп, ел игілігіне айналдыруда. Шиелі ­ауданында Ұлттық атом компаниясына» қарасты ­«РУ-6», «ТТК-Шиелі», ­«Волковгеология ­ГРЭ-23», «Семізбай-U», ­«Уранэнерго» мекемелері ауданның дамуына үлес қосып, 3000-нан астам адамды жұмыспен қамтып, қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын арттыру бағытында тиісті шараларды қабылдауда, – деді аудан басшысы.
Бүгінде ауданның индустриясын дамытуда, уран өндіруде атом өнеркәсібі саласының қызметкерлері – мемлекеттің стратегиялық мақсаттағы жобаларын жүзеге асыруда алатын орны ерекше. Одан бөлек, ірі өндірістік мекеменің бірі ретінде ауданның қоғамдық саяси іс-шараларына және мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен тұрмысы төмен аз қамтамасыз етілген отбасыларға әрдайым қолдау көрсетіп, қайырымды істерге атсалып жүр.
Ұлттық атом компаниясы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында аудан көлемінде бірқатар жобалардың жүзеге асырылуына қолдау білдіруде.
Абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына үлес қосып, «Мектепке жол», «Біз біргеміз!» акцияларынан да тыс қалған емес. Бұл уран өндірісімен айналысып жатқан бірден-бір мекеменің жерасты қазба байлықтарын игеріп қана қоймай, өзге жұртқа қолындағысымен бөлісіп, ел игілігіне елеулі үлес қосып отырғандығының айқын көрінісі екендігі анық.
Атом қуатын бейбіт мақсатта ­пайдалану саласындағы стратегиялық ынтымақтастық аясын­да «ҚазАтомӨнеркәсіп» Ұлттық компаниясы Жапония, Ресей, Қытай, АҚШ, ­Канада, ­Франция, Корея және Бельгияның әлемдегі ең ірі компанияларымен бірлескен кәсіпорындар құрып, уран мен отын беру жөніндегі келісімдерге қол жеткізген.

Ш.Тілеубаев
26 шілде 2022 ж. 435 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930