Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШИЕЛІ АУДАНЫ ЖАСТАР КҮНІН АТАП ӨТТІ

ШИЕЛІ АУДАНЫ ЖАСТАР КҮНІН АТАП ӨТТІ


Шиелі ауданында ерекше леппен атап өтілетін «Жастар күні» мерекесінің биыл да үрдісі үзілмеді. 
Жылдан-жылға жаңа, әрі тың идеямен тойланатын күнді аудан жастары асыға күтеді. Биылғы жылы 12 тамыз – Халықаралық Жастар күніне орай «Рухани жаңғыру – жастарға жарқын жол» атты салтанатты шара М.Шоқай орталық алаңында кең көлемде тойланды. Мерекелік кеште жастар шығармашылық ұжымдары өнерлерін барша жұртқа паш етті.
Жастар – ел ертеңі. Біздің елімізде өскелең ұрпаққа әрдайым көңіл бөлініп, істеріне қолдау жасалады. Осы қолдауды сезінген жас буын қоғамдық жұмыстарға үнемі белсене атсалысып, өздерінің алған білімі мен тәжірибелерін іс жүзінде көрсетуде. 
Бұл орайда Шиелі ауданы жастарының күнін атап өту арқылы қоғамның қозғаушы күшіне айналған жастардың осы бір белсенділігін арттыру көзделген.
Мерекелік шара барысында аудан басшысы Әшім Оразбекұлы өз саласында үздік нәтиже көрсетіп жүрген бірнеше жастарды алғыс хаттармен марапаттады. 
Аудан әкімі Әшім Оразбекұлы өз сөзінде Жастар біздің қозғаушы күшіміз. Қашанда игі істердің қатарында жүретін жандар. Біздің ауданның жастары да қай салада болмасын өздерін жақсы қырынан танытып келеді. Ел, аудан намысын сырт елде танытып жүрген жастармен мақтанамыз.
Әрбір қазақ жастары мына бейбіт заманда тәуелсіз елдің айқын мақсаттарымен жігерленіп, тек қана алға ұмтылуы қажет. Себебі ел сенімін, үмітін ақтау – жастардың қолында деп атап өтті.
Мерекелік шарадан керемет әсер алған жастар кеш соңын мерекелік би кешімен жалғастырып, отшашуды тамашалады.

Шиелі Ауданы Әкімдігі
 ФБ парақшасынан.
12 тамыз 2018 ж. 2 655 0