Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШИЕЛІ АСТАНА КҮНІН АТАП ӨТТІ

ШИЕЛІ АСТАНА КҮНІН АТАП ӨТТІ





Астана күнін шиеліктер ерекше көңіл-күймен атап өтті. Аудан әкімі Әшім Оразбекұлы аудан халқын Астана қаласының 20 жылдық мерейтойымен құттықтап, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен бой көтерген Астана аз уақыт ішінде әлемдік деңгейдегі саяси, экономикалық және мәдени орталыққа, Қазақстанның мақтанышына айналғандығын атап өтті.
Астана еліміздің бас қаласы болғалы беделі мен маңызы күннен-күнге өсуде. Өзге ел өкілдерінің елордамызға қарап тамсанатыны рас. Ерекше үлгіде салынған зәулім сарайлар көздің жауын алады. Бас қала -тыныштық пен тұрақтылық үйлескен Қазақстанның мақтанышы.
Шара барысында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 20 маусымдағы Жарлығы бойынша «Астана 20 жыл» мерекелік медалі наградаларымен Шиелі ауданының еңбек ардагері Бәйімбетов Алдан, Ақтоған ауылдық округінің «Сейтжанов» шаруа қожалығының төрағасы Сейтжанұлы Әбдімәлік марапатталды. Сондай-ақ, ел дамуы жолында абыройлы еңбек етіп жүрген азаматтар аудан әкімінің Алғыс хатын иеленді. Мереке аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына жалғасты.


09 шілде 2018 ж. 1 044 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930