Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АСТАНА КҮНІ – ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ

АСТАНА КҮНІ – ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ

Осы жылы Тәуелсіз Қазақстанның теңдессіз жауһары — Астана қаласы 20 жылдығын атап өткелі отыр. Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі.

Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдаған болатын. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өткен еді. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алған Астана бүгінде самұрық құсындай қанатын кеңге самғап келеді. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі.
Ел астанасын ауыстыру Астананың экономикалық дамуына қуатты серпін берді. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің идеясымен іргесі қаланған жаңа елорда қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болып, жас мемлекеттің Тәуелсіздігінің символына және жаhандық табысына айналды.

Асемкүл БЕЙСЕНОВА,
№48 Ә.Қоңыратбаев атындағы мектеп-лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі.
14 ақпан 2018 ж. 5 328 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930