Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ

АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ


Шиелі ауданы Ұлыстың ұлы күні деп аталған Ұлық мереке Әз-Наурызды кең көлемде атап өтті. Аудан тұрғындары орталық алаңдағы мерекелік думанға жиналып бір-бірін құттықтап мәз мейрам болып жатты. Алатаудың ақ қарындай болған киіз үйлер мерекенің көркін айқындаса, қара қазандар асылып, наурыз көжесі тостахандарға құйылып ақсақалы мен ақ жаулықты аналарға ұсынылды. Ұлттық ойындар қазақ күресі, арқан тартыс, асық ату, қол күресі т.б ойындарда жастар белсене қатысып бақ сынасты. Сахнада қойылған әрбір қойылым мен ән думандар байырғы ата-дәстүр салтымыз бен әдет ғұрпымызды Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жастар арасында кең көлемде насихаттап, болашаққа аманат еткендей. 
Ұлық мереке қарсаңында аудан жастары "Жастар ресурстық орталығы" КММ, "ЖАСТАР" және "ОҚУШЫЛАР" парламенті, "ДОСТАР ӘЛЕМІ" еріктілер жасағы үлкен бастама көтеріп арнайы ЖАСТАР АУЫЛЫН құрды. Жастар ауылында өнерлі жастар қазақтың ұмыт қалып бара жатқан ұлтық ойын түрлерін, айтыс, орамал тастамақ, асық ату, ләңгі тебу, гір тасын көтеру т. б ойындарды кейінгі жастарға көрсетті. 
Жастар ауылына бір қатар ауданның атқа мінерлері аудан әкімі Әшім Оразбекұлы ат басын бұрып, ыстық ықыласын жеткізіп, қолына сақасын алып, балалық шаққа саяқат жасап тізілген сақа асықты бір атып бесеуін құлатып, жас кезінен көш басшы екенін көрсетіп жастарға ұлттық өнер мен көшбасшы болудың қыр-сырын көрсеткендей. 
Жастар шатырында барлық жастарға НАУРЫЗ КӨЖЕ мен ПАЛАУ асы беріліп дастарханнан тәм татқызды. 
Мерекелік жиын соңы алты бақан аясындағы ән-думанға жалғасты.
22 наурыз 2018 ж. 1 576 0