НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ
Шиелі ауданындағы М.Шоқай орталық алаңда 22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күніне арналған «Ұлы Даланың ұлық мерекесі – әз-Наурыз!» атты мерекелік шара өтті.
Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі орталық алаңда ағаш (тал) егу рәсімінен бастау алды.
Аудан әкімі Ә.Оразбекұлы аудан тұрғындары мен қонақтарын құттықтап, сөз сөйледі. Наурыз мейрамына орай орталық алаңға он үш киіз үй, алты шатыр тігіліп, мерекені тамашалауға келген халық наурыз көже, қымыз және басқа да қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты.
Сонымен қатар, орталық алаңда ауданның үздік әртістері, шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерт және театрландырылған мерекелік көріністер ұйымдастырылды. Балалар алтыбақан теуіп, жастар қызбен жігіттің айтысы және қолөнер шеберлері бұйымдарының көрмесі көрсетілді. Мерекелік шара ұлттық, спорттық-бұқаралық ойындармен жалғасып, спортшылар өнерлерін көрсетті.
Аудан орталығындағы алаңында қазылар алқасы тігілген киіз үйлер арасында үздіктерін анықтады. №1 «Астананың 20 жылдығы» атындағы аудандық білім бөлімі «Қонақжай ауылы», №3 «Шиелі ауданының 90 жылдығы» атындағы ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАҚ қарасты РУ-6 ЖШС-і «Ханшатыр», №7 «Қалмақан Әбдіқадіров 115 жыл» атындағы амбулаториялық-емханалық қызметі бар Шиелі аудандық ауруханасы және қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ұжымдары құрған киіз үйі «Ұлы дәстүрді ұлықтаушы» үздік деп танылып, аудан әкімінің дипломдарымен марапатталды. Сондай-ақ, барлық киіз үй тіккен мекеме басшылары аудан әкімінің «Алғысымен» марапатталды.
Шиелі Ауданы Әкімдігі фейсбук парақшасынан.