Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » НАУРЫЗ - ДУМАН

НАУРЫЗ - ДУМАН



Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесі қарсаңында «Наурыз-думан» атты ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті. Спорттық шара ата-бабамыздан қалған төл спортымыз – арқан тарту, қол күресі, гір тасын көтеру, асық ату, бес асық сайыстарынан өтті. Жиналған жұртшылықты Ұлыстың ұлы күнімен аудан әкімі Сәрсенбаев Қайратбек Әубәкірұлы құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Ұлттық құндылықтарды, озық салт-дәстүрлерімізді сақтай отырып, рухымыз биік, тәуелсіздігіміз мәңгілік болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасау маңызды екенін айта келе, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Шара барысында айтулы мерекемен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Алиев сөз сөйлеп, жиналған қатысушыларға ардагерлер баталарын берді. Мереке аясында аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев, аудан ардагерлері ағаш отырғызды. Жарыстың жеңімпаздарына Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
20 наурыз 2018 ж. 2 216 0