Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МАРАПАТ ТӨРІНЕН КӨРІНГЕН ҚАРЖЫГЕРЛЕР

МАРАПАТ ТӨРІНЕН КӨРІНГЕН ҚАРЖЫГЕРЛЕР

15 Қараша – Ұлттық валютамыз теңге күні, әрі Қаржы-экономика органдарының құрылғанына 100 жыл толуына орай аудандық мәдениет үйінде «Ұлттық теңге мақтанышымыз» атты мерекелік кеш өтті. Кешке аудан әкімі Нариман Әскербекұлы, қаржы саласының ардагерлері мен аталмыш саланың білікті мамандары қатысты.
Алғаш болып сөз алған аудан әкімі қаржы саласының мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап: – «Құрметті қаржы саласының ардагерлері мен мамандары сіздерді Ұлттық валюта теңге күнімен және ҚР Қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. 1993 жылдың 15 қараша күні ел тарихындағы атаулы күндердің біріне айналды. Себебі, осы күні ұлттық ақша бірлігіміз теңге айналымға жол тартты. Сондай-ақ, дәл осы күн еліміздегі қаржыгерлердің мерекесі ретінде белгіленді. Осы күннің таңдалып алынуы да бекер емес, өйткені еліміздің әлеуетін арттырып, экономикасын дамыту жолында осы мамандық иелерінің еңбегі ерекше. Көпшілік үшін күрделі мамандық саналатын қаржыгерлердің ең негізгі міндеттерінің бірі қаржыны дер кезінде тиімді жоспарлап, мақсатты пайдлану екені белгілі. Аз қаражатпен басталған Шиелі ауданының бюджеті қазіргі таңда 24 млрд теңгеден асып жығылғанын ескерсек, аудан қаржыгерлерінің табысты жұмысына жоғары баға беруімізге болады» деді.
Құттықтау сөзден кейін мерекелік шара мараппатау кезеңімен жалғасып, аудан әкімінің құрмет грамотасымен Шиелі ауданының «Құрметті азаматы», қаржы саласының ардагері Тұңғышпай Жетпісбай, салық саласының ардагері Тұрғанбай Шығанбаев, экономика саласының ардагерлері Мейрам ­Алтайбаев, Мұхаммедәлі Мақаш, қаржы саласының ардагері Райхан Нурдинова марапатталды. Сондай-ақ, аудан әкімінің алғыс хатымен Шиелі ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Ербол Есенов, Шиелі ауданаралық ауруханасының есепшісі Баян Асылова, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы Сәбит Қамбарұлы, Шиелі аудандық қазынашылық басқармасының бас маманы Айдос Әлиев, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Салтанат ­Есназаров, аудандық қаржы бөлімінің бас маманы ­Жандос ­Жебегенов, Бәйгеқұм ауылдық округі әкімі аппаратының қаржы саласы жөніндегі жетекші маманы Салтанат ­Мусалимова марапатталды.

Рамазан ӘНӘПИЯ
16 қараша 2021 ж. 710 0