Ұлттық валютамыз теңгеге 25 жыл толды
Бүгін Ұлттық валютамыздың күні! 1997 жылы ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 15 қараша - төл валютамыздың әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді. Экономиканың темірқазығы саналатын теңгемізге биыл 25 жыл! Ширек ғасырда ақшамыз талай қилы кезеңнен өтті. Теңге тәуелсіз елдің төл валютасына айналды. Әйтпесе Кеңес Үкіметі ыдырап, егеменді ел атансақ та екі жылдай валюта ретінде рубльді пайдаланып келдік. Оған басты себеп - Қазақстанның өзінде банкнот шығаратын фабрика мен монета сарайы болмады. Ұлттық валютаны шығарумен жоғары санатты дизайнерлердің арнайы тобы айналысты. Атап өтейік, ұлттық валютамыз айналымға енер алдын еліміздің алтын-валюта қоры аз болған. Небәрі 970 млн. Салыстырмалы түрде қарасақ, қазір бұл көрсеткіш 90 млрд долларға жетті.
www.24.kz
www.24.kz