Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚҰТТЫҚТАУ

ҚҰТТЫҚТАУ

Құрметті мәдениет саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – 21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке туған жеріміздің рухани дамуына және бай мәдени мұрамызды дәріптеуге зор үлес қосып жүрген жандарды біріктірген, шығармашылық адамдарына деген айрықша құрметтің белгісі, әрбір мәдениет қызметкері үшін ерекше күн.
Ауданымыздың өнері мен мәдениетіне сүбелі үлес қосып, осы саланың мерейін көтеріп жүрген сіздерге алғысымыз зор. Ел мәдениетінің одан әрі гүлденуіне, өнеріміздің асқақтауына қызмет етіп, халқымызды шығармашылық табыстарыңызбен қуанта беріңіздер!
Киелі өнер жолында шежірелі Шиеліні ел-жұртқа танытып, биік тұғырдан көрсетіп жүрген баршаңызға зор денсаулық, қуаныш пен шаттық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге шабыт, жаңа шығармашылық табыстар тілеймін!


Ізгі тілекпен,
Шиелі ауданының әкімі
Ә.Оразбекұлы
21 мамыр 2019 ж. 2 956 0