Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » құттықтау

құттықтау

Құрметті аудан тұрғындары!
Қымбатты ардагерлер!

Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін айрықша күн.
Қарттарға ықылас білдіру, қуаныш сыйлау – біздің халқымыздың дәстүріне терең орнығып, салт-санасына сіңген қасиет.
Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстанда ардагерлердiң жақсы өмiр сүруiне, шығармашылық әлеуеті мен белсенділігін арттыруға барлық жағдай жасалып келеді. Жыл сайын зейнетақының өсуi, ардагерлердің денсаулығын сақтау, сауықтыру және демалысын өткізуге жағдай жасау, көп балалы аналарды марапаттау сияқты әлеуметтік қолдаулар – еліміздің өркендеп, өсуінің кепілі.
Сіздер қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, даналықтың, парасаттылықтың өнегесі болып, жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне де елеулі үлес қосып келесіздер!

Қадірлі жерлестер!
Ардақты ардагер ағалар мен ақ жаулықты аналар!

Сіздерді мерейлі мерекемен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық, бейбіт те берекелі тірлік тілеймін.
Еңселеріңіз тік, өмірлеріңіз шуақты болып, күш-қуат­тары­ңыз сарқылмасын!
Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!


Қадірлі әділет органдарының қызметкерлері және ардагерлері!
Сіздерді шын жүректен кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!

Тәуелсіздігіміздің алғашқы күнінен бастап Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен оның құрылымдық бөлімшелері мемлекеттік қызметті құқықтық тұрғыдан қамтуды жоғары кәсіби деңгейде жүзеге асырып келеді.
Біздің өмірімізде Әділет органдары маңызды орын алады. Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу, инттелектуалды құқықтарды қорғау, адамның тарихи құжаттарының барлығын бедерлеп, рәсімдейді, заңнамаларды дайындауда да әділет органдарының орны ерекше.
Еліміздің әділет органдары саласында мемлекеттік қызметті, азаматтардың заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуде тұғырлы биіктен көрініп келе жатқан абырой иелерінің қызметтері әрдайым жоғары.

Қадірлі әділет органдарының қызметкерлері және ардагерлері!
Қазақстан Республикасының Әділет органдары қызметкерлерін кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға қуаныш, әділет жолындағы қызметтеріңізге табыс пен жетістік тілеймін!
Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!

Құрметпен,
Ә. Оразбекұлы.
аудан әкімі.


Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақжаулықты аналар!

Шиелі аудандық мәслихат депутаттарының атынан Сіздерді қазан айының алғашқы мерекесі – «Қарттар күнімен» шын жүрек, ыстық ықыласпен құттықтаймыз!
Қария деген сөз елдің басы болу, ақылын айтар­ дана болу, ел төрінде құрметке бөлену, ас бергенде немерелерінің үлесін бөлер қамқоршысы. Шаңырақтың шаттығын сақтап, бірлігін бекем етуге ақылын айтар елі мен жерінің кеңесшісі. Қазақтың әр отбасында арқа тұтар ата-әжелері бар. Олардың әрбір айтқан гауһар тасқа бергісіз ақылдары жас ұрпақтың өсіп-өркендеуіне өте мол үлесін тигізеді.
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген қарияларымыздың орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып, оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу.
Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне, осындай теңеуге лайық қарияларымыздың дендеріне саулық, отбастарына амандық, игі істеріне бірлік, береке тілейміз.

Құрметпен,
Б.Сыздық.
Шиелі аудандық мәслихат хатшысы.
29 қыркүйек 2018 ж. 6 392 0

Ұқсас жаңалықтар:

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930