Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қадірлі ағайын!

Қадірлі ағайын!

Қазақстан Республикасының Мемлекет­тік мерекесі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні баршаңызға құтты болсын!
Ата Заңымыз қоғамдағы барлық ұлттар мен ұлыстардың, діни конфессиялардың татулықта, бұзылмас бірлікте өмір сүруіне, ел тыныштығының бұзылмауына кепіл болып, демократиялы мемлекеттің негізін қалады. 23 жыл бұрын қабылданған еліміздің Ата Заңы жүздеген жылдар бойы қалыптасқан адамзат баласының жалпы құндылықтарын өз бойына сіңірді. Ата Заң – біздің азаттық алғалы атқарған барлық істеріміздің алтын таразысы болып табылады. Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары. Ол еліміздің тұрақтануы мен өркендеуінің негізі мен кепілі.
Конституция еліміздегі адам бостандығы­ның кепілі. Мемлекетімізде адам құқығының сақталуы бағытында тиісті іс-шаралар жүзеге асырылуда. Халқымыздың әл-ауқаты артып, көшіміз түзелген сайын маңызды әлеуметтік бағдарламалар қолға алына бастады.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Конституциямыз ғұмырлы, елдігіміз мәңгі болсын ағайын!
***

Қымбатты ұстаздар, оқушылар мен ата-аналар!

Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – білім күнімен құттықтаймын!
1 қыркүйек – барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Бұл мереке кейбір азаматтардың мектеп қабырғасын, колледж және жоғары оқу орындарына барған күндерін еске түсіру мен сипатталса, жас мұғалімдердің алғашқы жұмыс күні әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен есте қалады. Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді: мектеп табалдырығын аттауға асыққан бірінші сынып оқушылары, өзі армандаған мамандыққа қол жеткізген ЖОО-ға мақтанышпен келген мектеп қабырғасын жаңа ғана аяқтаған түлектер, осы күйді екінші рет бастан кешіп отырған ата-аналар. Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері бүгін, яғни,
1 қыркүйек күні білім қабырғаларын аттағалы тұрған оқушылар мен тәрбиеленушілерді қарсы алады, бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл біздің еліміздің болашағы тәуелді болған қызу қайнаған, жауапты кезең бас­тамасы. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады.
Баршаңызды бүгінгі білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуы мен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге бүгінгі ерекше, жаймашуақ күні жақсы көңіл-күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін!
Бүгінгі күн сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын!

Құрметпен,
Б.Сыздық,
аудандық мәслихат хатшысы.
30 тамыз 2018 ж. 2 364 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930