Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАТУЛЫҒЫМЫЗ БЕН ТҰРАҚТЫЛЫҒЫМЫЗ ТАРҚАМАСЫН

ТАТУЛЫҒЫМЫЗ БЕН ТҰРАҚТЫЛЫҒЫМЫЗ ТАРҚАМАСЫН

Елбасы идеясының жемісі болған ынтымақ пен бірліктің ұйытқысы – Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде елімізде орны ерек ұйым. Бүкілқазақстандық бірліктің бірегей моделін қалыптастыруда Қазақстан халқы Ассамблеясы маңызды рөл атқарады. ҚХА басты міндеті мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру,Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінде Ассамблея этносаралық келісімді, қоғамдағы толеранттылықты және халық бірлігін одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасауға септігін тигізеді. Сонымен қатар, ҚХА мемлекеттік органдарға экстремизм мен радикализм көріністеріне қарсы әрекет етуге, азаматтардың демократия нормаларына негізделген саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға көмек көрсетіп келеді.
Осы белді ұйымның ХХVI сессиясы Елбасының халыққа жолдаған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуімен үндесіп, «Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» тақырыбы аясында болғаны да қоғам бірлігінде Ассамблея орнын көрсетіп тұр. Еліміздегі тұрақтылықтың арқасында осынау мамыражай заманның мейманымыз. Елбасы әр жетістігімізде барша қазақстандықтың үлесі бар екендігін жиі айтып келеді. Бірлігі жарасқан бекем ел тағы бір көктемін қарсы алып, тағы бір бірлік күнін тойламақ. Осы орайда, болған ХХVI сессияда Ұлт Көшбасшысы «Ассамблея құрылған күннен бастап еліміздегі мызғымас бірліктің ұйытқысы, сарқылмас берекенің бастауы болып келеді. Бүгінгі күні ол еліміздің татулығы мен тұрақтылығының ең басты кепілі», – екендігін атап өтті. Татулығымыз бен тұрақтылығымыз тарқамасын, ағайын.
Рахима АТАШЕВА,
өзбек ұлтының өкілі.
29 сәуір 2018 ж. 1 146 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930