Бірліктің тұғыры болған бастама
Қазақстан халқы Ассамблеясы – алтаудың ала болмай, төртеудің түгел болуын көздейтін бірегей бірлестік. Ел ішіндегі бірліктің өзіндік моделін қалыптастырған ұйым. Бұл сенім-пайымымыз әлі де еселене түсері сөзсіз. Себебі, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бір шаңырақ астына бір атаның баласындай біріккен Қазақстан халқымен Бейбітшілік және келісім сарайында жылдағы дәстүр бойынша кездесті. Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған салтанатты шарада жариялаған болатын. Ал 2007 жылғы мамырда Ата Заңға бірқатар өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде, Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық мәртебе беріліп, оның тоғыз мүшесі Парламент Мәжілісінде депутат болу құқығына ие болды. Осы арқылы Ассамблеяның қоғамдық-саяси ролі артты. Елбасының төрағалығымен өтетін Ассамблеяның 26-сессиясында «Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» тақырыбы талқыға салынды.
Татулығы мен бірлігі бекем мемлекеттің желкені қандай алапат желден болса да шайқалмасы анық. Мұны біз Елбасы тарапынан жасалған болашаққа жарқын жол ашқан бастамалардан айқын көріп келеміз. Жылдағы дәстүрден жаңылмай, Ұлт Көшбасшысы биыл да Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Ассамблея өкілдерімен кездесіп, ҚХА-ның ХХVІ Сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде «Ассамблея еліміздің тұрақтылығы мен татулығының басты кепілі. Қазақстан сан-қырлы жаңғыруға бет бұрған қазіргі таңда Ассамблеяға да тың міндеттер жүктеледі», – деп атап өтті.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Қазақстан халқына Үндеуінде «Біз елдің бірлігі мен мемлекеттің сындарлы саясатының арқасында барлық сынақтардан абыроймен өттік. Осындай өзара құрмет пен сенім мызғымас ел бірлігіне негіз болса, ізгі шаралар халқымыздың кең пейілі мен дархан көңілінің айқын көрінісіне айналуда», – деген болатын. Қоғамымыздың әлеуметтік бірлігінің тұғыры болған бұл бастамалар кемел келешектің кепілі.
Марина Геннадьевна ФИЛАТОВА,
орыс ұлтының өкілі.