Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды Ата Заң – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ғасырлар тоғысында әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан халқы тарихи да тағдырлы шешім қабылдап, жасампаз жаңа дәуірге қадам басты. Ата Заң біздің бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. Конституция – мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі. Тәуелсіздік жылдары қазақ елі елеулі табыстарға қол жеткізді. Тағдыр тоғыстырған, тарих табыстырған түрлі ұлт өкілдері Конс­титуция қағидаттары төңірегіне топтас­ты. Еуразияның жүрегіне орналасқан Елордамыз әлемге руханияттың ірі орталығы, саясаттың іргелі ордасы ретінде танылды. Елбасы Н.Назарбаев: «Халықтың бірлігі – бұл ең алдымен мемлекеттік институттардың бірлігі. Бұл мақсатқа Конституцияның арқасында қол жеткізілді», – деп атап көрсетті. Ата Заңды бұлжытпай орындаудың нәтижесінде Қазақстанның бірлігі нығайып, елдегі тұрақтылық пен татулық орнықты. Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты.
Қазақстан республикасы өзiн демокра­­тия­­лық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырды. Ал, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары деп айқындалды. Мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы – халық.
Конституцияда Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi ретінде қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкiлхалық­тың игiлiгiн көздейтiн экономи­калық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен шешу белгіленді.
Тәуелсіздіктің тірегіне айналған Ата Заң – мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар бастауына айналды.
Құрметті жерлестер!
Баршаңызды Конституция күні мерекесі­мен құттықтай отырып, елімізге жаңару, халқымызға тыныштық, әрбір отбасыға берекелі бірлік, әрбір адамның рухани кемелденуін тілеймін!
***
Қымбатты ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!

Сіздерді 1 қыркүйек – білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Елдегі ең маңызды, баға жетпес құнды ресурс, қоғам дамуының шешуші факторы – адами капитал. Адами капитал, ең алдымен, білім беру саласы арқылы қалыптасады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Өскелең ұрпақ заман талабына сай сапалы білім алуы үшін барлық жағдай туғызылуы керек» – деген болатын.
Білім бүгінгі күнгі жаһандану жағдайын­да өркениеттіліктің әрі өлшемі, әрі тетігі, құндылығы болып табылады. Бүгінгі өзгер­мелі заманда жас ұрпақты қатаң бәсекеге негізделген сипаты мен әлеуеті жаңа, жасампаз экономикалық ортадағы өмірге әзірлеу міндеті тұр. Сондықтан, жаңартылған білім беру үрдісіне көшкен мектептердің материалдық-техникалық базасы нығайып, білім беруді цифрландыру мәселесі шешімін тауып келеді. Білім – барлық игілік пен байлықтың, бақыт пен берекенің, дәулеттің қайнар көзі.

Құрметті ұстаздар мен ата-аналар, оқушылар!
Баршаңызды айтулы мереке – білім күнімен құттықтай отырып, «Мәңгілік елдің» жарқын болашағына басқан қадамдарыңыз құтты болсын демекпін!
Ұстаздарға педагогикалық шебер­лік, ата-аналарға ойлы, зерек ұрпақ, шәкірттерімізге білім белестерін бағынды­рар зерделі зейін, талмас талап тілеймін!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Игі тілекпен,
Ә.Оразбекұлы ,
аудан әкімі.
30 тамыз 2018 ж. 1 745 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930