Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақмая ауылдық округінің әкімі Ж.Арыслановтың 2017 жылы атқарылған жұмыстары жөніндегі Есебі

Ақмая ауылдық округінің әкімі Ж.Арыслановтың 2017 жылы атқарылған жұмыстары жөніндегі Есебі


Ақмая ауылдық округі әкімшілігі өзінің жұмы­сын «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Заңдарының, Президент Жарлық­тарының, Үкімет пен басқару органдарының ше­шімдері мен өкімдерін басшылыққа ала отырып, көрсетілген өкілеттікке сай жұмыстарды атқарып келеді. Басты мақсат – халықтың әл-ауқатын кө­теріп, жұмыссыздық пен кедейшілікті жою, ел келбетін жақсарту.
Бүгінгі таңда округте 474 отбасы, 2650 адам, 6 ұлт өкілдері тұрады. Оның ішінде 240 зейнеткер, 78 еңбек және бала жасынан мүгедектер, 37 асыраушысынан айырылғандар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылда еңбек еткен ардагерлер - 36,1 ау­ған және 1 Куба соғысының ардагерлері бар.
2011-2017 жылдары 40 ана «Алтын алқа», 46 ана «Күміс алқа» медалы­мен марапатталды. Ақмая ауылдық округінде №49 орта мектебі, дәрігерлік емхана, клуб үйі, кітапхана, мешіт, тігін цехы, сонымен бірге 1 монша, 1 шаштараз, 3 дүкен, 3 дүң­гіршек, 1 май құятын бекет халыққа қыз­мет көрсетеді. Жеке тұлғалардан 47500 теңге мүлік салығы, 1702622 теңге кө­лік салығы, 170514 теңге жер салығы. Жалпы, 1920657 теңге қаржы жиналып, жергілікті бюджетке өткізілді.
Елді мекенде орналасқан 620 орындық мектеп ғимараты 1983 жылы пайдалануға берілген. №49 орта мектебінде 81 мұғалім еңбек етеді, 465 оқушы түгелдей оқуға тартылды.
«Ақмая» дәрігерлік емханасында 1 дәрігер, 9 ая­жан, 1 тазалықшы, 1 қарауыл, 1 жүргізуші қызмет атқарады. «Ақмая» елді мекенінде 1 жасқа дейінгі бала 59, жасөспірім 101, туу жасындағы әйел 499, қайтыс болған адам саны 10.
Елді мекендегі клубта – 4 қызметкер, 5 кіші қызметкер, ауылдық кітапханада – 1 қызметкер жұмыс атқарады. Кітап қоры – 13851.
Спорт және салауатты өмір салтын қа­лып­тас­тыру мақсатында біршама жұ­мыстар атқарылуда. Биыл Ақмая шаруа қожалығының төрағасы Д.Жұм­бековтың қолдауымен 66 млн-ға спорт кешені соғылып пайдалануға берілді. Спорт нысанында бокс, таэквондо, ережесіз жекпе-жек үйірмелері ашылып, бос жүрген ауыл жастарының алаңсыз жаттығатын орнына айналды.
Ақмая ауылдық округінің әкімшілігі ауылдағы қоғамдық ұйымдармен және «Нұр Отан» партиясының жергілікті филиалымен тығыз байланыста жұмыс жасайды.
Ауылдық округте 25 шаруа қожалығы, 1 кооператив, 1 мемлекеттік тұқым сынау учаскесі, «Ақмая» шаруа қожалығы ауылшаруашылығымен айналысады. Барлық жер көлемі – 6104 га, оның ішінде егістік жері 4746 га.
Дәулет Жұмбеков басқаратын «Ақмая» ш/қожалығы 160 адамды жұмыспен қамтып отыр. Биыл яғни, 2017 жылды табысты аяқтады. Тартылған инвестиция көлемі 300 млн. теңге. Кү­ріш дақылын өндіруде ауданымызда алдыңғы қатардан көрініп, жүлдегер атанды. Күріштің әр гектарынан 68 центнерден өнім жинады.
Ақмая ауылдық округі бойынша 50 кә­сіпкер жұмыс жасайды. Ша­ғын кә­сіп­керлікті дамыту аясында ауылымыздың бірнеше тұрғындары жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша былтыр Әділбек Тілеубаев 11.5 млн. теңге несиеге Құлан бағдарламасы, Нұртуған Жандарбеков 6 млн. теңге несиеге Сыбаға бағдарламасы бойынша, Ермек Ахметов, Өмірзақ Ранов өз қаражаттарына мүйізді ірі қара малдарын асылдандыру бағытында жұмыс жасауда. Ауыл тұрғындарына «Агроинас» шағын несие серіктестігі арқылы 10 адам – 200 мың және 1,5 млн. теңге аралығында шағын несие алып, өз кәсіптерін жалғастыруда. Ауыл тұрғындары Ерназар Оразбекұлы, Қуаныш Тельманұлы өз қаражаты есебінен 10-15 сотық аралығында жылыжай соғып, көктем айының соңғы айларында өнімдерін өткізбекші. Жеке кәсіпкер Руслан Рахметов өз қаражаты есебінен 20 ер және 20 әйелдерге арналған моншасын соғып халық игілігіне пайдалануға берді. «Ақмая» шаруа қожалығының төрағасы Дәулет Жұмбеков күріш диірменін, май сығатын, шлакоблок шығаратын шағын цехтарын іске қосып жұмыс жасауда.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жап­пай кәсіпкерлікті дамыту» бағ­дар­ла­масының 2 ба­ғыт аясында «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 7 азамат «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша 6 азамат кәсіпкерлік негіздері курстарын оқып, сертификаттарын алды. Ағымдағы жылдың қараша айында «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша Наурызбай Иманов мен Ораз Жүсіпов ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорынан, қайта қаржыландыру қаражаты есебінен 3.5 млн. теңге несие алды. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасынан басқа «Ырыс» бағдарламасы аясында Нәзира Смайлова мен Нұрсұлу Өскенбайқызы 5 млн. теңге несие алып, мал бордақылауда. Ал, «Бизнес­тің жол картасы» бағдарламасы аясында 3 азамат 2 млн. теңге грант иеленіп, шаштараз, монша және омарта кәсіптерін ашуда.
07 қаңтар 2018 ж. 1 488 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031