Келелі істер келісім шартпен келісілді
Мемлекеттің әлеуметтік міндеттерін орындау барысында аудан кәсіпкерлері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыратын шараларды дамытуда үнемі үлес қосып келеді. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі Қазақстанның 2050 жылға дейінгі стратегиясының тез орындалуына да септігін тигізері сөзсіз. Сондықтан да мемлекет пен бизнес экономикадағы мәселелерді шешуде ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік саладағы мәселелерді айқындау жолында толыққанды қатарлас ұғым болып келеді. Бүгінде ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық ахуалы да қарқынды дамуда. Осы ретте, ауданнан шыққан азаматтар мен кәсіпкерлер мен кәсіпорындардың үлес салмағы басым деп айтсақ артық емес. Сондай-ақ, олар ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға да баса назар аударып отырады.
Ауданымызда өткен «Туған жерге тағзым–перзент парызы» тақырыбымен өткен Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласы аясында ұйымдастырылған жиында біршама меморандумдарға қол қойылды. Атап айтар болсақ, Шиелі ауданының әкімдігі мен Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигіА.Жұмаділдаевпен аудан бойынша мұғалімдер мен оқушыларға математика пәнінен жылына 2 рет семинар тренинг өткізуге, «РУ-6» ЖШС мен, , сауда көлік компаниясы ЖШС-нің «ССК-Шиелі» филиалымен,«СМП-Қызылорда» ЖШС-мен, Семізбай-U» ЖШС-нің «Иіркөл» филиалыменауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қолдау көрсету мақсатында екі жақты келісімге қол қойылды. Жеке кәсіпкер Б.Примбетовпен ауданның орталығынан заманауи талаптарға сәйкес жабық жүзу бассейінінің құрылысын салу, жаңа жұмыс орындарын ашу, аудандағы мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін бассейінге келуге жеңілдіктер қарастыруға, Ортақшыл ауылдық округінен 1000 басқа арналған мал бордақылау алаңын салу, жаңа жұмыс орындарын ашуға келісілді.
Ал, кент әкімі«Фирма Балауса» ЖШС-мен және «KazChinNur» ЖШС-мен кент орталығына сквер орнату құрылыстарын жүргізуге, жеке кәсіпкер Ж.Жаниязовамен кент орталығындағы «Кids park» балалар ойын-сауық орталығында мүмкіндігі шектеулі балаларға тегін қызмет көрсетуді сынды істерге келісілді.
Керделі ауылдық округінің әкімі «Әшірбеков» шаруа қожалығымен Керделі ауылдық округі, Н.Бекежанов ауылынан мемлекеттік – жекешелік әріптестік аясында спорт кешенінің құрылысын салу, жастардың бұқаралық және кәсіби спортпен айналысу үшін спорттық құрал жабдықтармен қамту,
2 күрес кілемін алып беру үшін «Ақмая» шаруа қожалығымен Ақмая ауылдық округі бойынша жыл сайын 15 мектеп оқушысын жазғы тынығу лагеріне, 5 ардагерлерді шипажайларға жіберу, «Ардагерлер» мерекесі аясында қарттарға 5 тонна күріш тарату, Ақмая ауылдық округінің көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарына жыл бойы арнайы техникамен көмектесіп, қамтамасыз ету мақсатында да екі жақты меморандумдарға қол қойылды.