Қоғалы ауылдық округінің әкімі Д.Насибековтың 2017 жылы атқарылған жұмыстары жөніндегі есебі
Қоғалы ауылдық округі әкімінің аппараты өз қызметін ҚР заңдарын басшылыққа ала отырып, ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсартуға, алға қойған міндеттері мен тапсырмаларын жүзеге асыру бағытында жұмыстар атқарып келеді. Ауылда 971 халық, 176 отбасы бар. Ауылдық әкім аппаратында 3 мемлекеттік қызметші және келісім шарт негізінде 3 қызметкер жұмыс жасайды. Әкім аппаратына жыл басынан бері жеке және заңды тұлғалардан 20 жазбаша өтініш қабылданды. Түскен өтініштердің барлығы қанағаттандырылып, аумақтық тиесілігіне қарай тиісті органдарға жолданды. Әскер қатарына күзгі мезгілде 18-27 жас аралығындағы 12 азамат медициналық тексеруден өткізілді. Жыл басынан бері еңбек биржасына жұмыс іздеуші ретінде 19 азамат есепке тіркеліп, оның ішінде 11 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды, 5 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа, 1 азаматша жастар тәжірибесі бойынша, 2 азамат әлеуметтік жұмысқа тартылды. 4 отбасы «Өрлеу» бағдарламасы бойынша атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақысымен қамтылды.
Білім саласы бойынша
№228 Ш.Бәкіров атындағы орта мектепте барлығы 52 мұғалім қызмет атқарады. Оның ішінде жоғары санатты-4, І санатты-23, ІІ санатты-15 мұғалім. Мектеп ұжымы білім беруде біршама жетістіктерге қол жеткізді. 2016-2017 оқу жылында 11-сыныптың 3 оқушысы ҰБТ көрсеткіші бойынша орташа балы 102,5 ұпай жинап, грант иегерлері атанды. 2016-2017 оқу жылында 34 мұғалім білімдерін жетілдіру мақсатында арнаулы курстардан өткізілді. Мектеп компьютерлері толығымен интернет желісіне қосылған.
Балабақша саласы бойынша
Мектеп ішінен ашылған 20 орындық “Балғын” шағын балабақша орталығы жұмыс жасап келеді. Шағын орталықта 20 бала тәрбиеленуде және кіші қызметшілерімен қосқанда барлығы 11 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Балалар 3 мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отырады. Сонымен қатар, елді мекенде 60 орындық «Айбек» жеке балабақшасы жұмыс жасауда. Қазіргі уақытта балабақшада 60 бала тәрбиеленуде және ауыл тұрғындарынан 18 азамат жұмыспен қамтылды. Балабақшада жасөспірімдерді тасымалдау көлігі қарастырылған.
Мәдениет саласы бойынша
Ботабай ауылдық клубы ауыл жастарымен және ауылдық мекемелердің жас мамандарымен бірлесе отырып барлық мерекелік іс-шараларды өз деңгейінде өткізіп келеді. Сонымен қатар клуб қызметкерлері аудандық және облыстық шараларға үнемі қатысып жүлделі орындарға ие болып келеді. Клуб басшысы Батырхан Махановтың жетекшілігімен құрылған ВИА «Тұмар» аспапты ансамблі «Сыр эстрадасы вокалды аспапты ансамбльдері» өнерпаздарының облыстық байқауында ІІІ орынды иеленсе, Қазақстан халықтарының тілдер күні мерекесіне арналған «Тіл – татулық тірегі» атты өнер фестивалінде Алғыс хатпен марапатталды.
Денсаулық сақтау саласы бойынша
«Ботабай» ФАП есебі бойынша-971 адам тіркеуге алынған, оның ішінде әйелдер-465, ерлер-506, туу жасындағы әйелдер саны-220, 0-18 жас аралығындағы бала саны-429 және оның диспансерлік есепте тұратын ересектері-196, балалар-98. Барлығы мерзімінде аудандық, облыстық тексеру орталығынан тексеріліп отырады. Ботабай елді мекенінде халыққа алғашқы медициналық көмек көрсету мақсатында жеткілікті көлемде тегін және жеңілдетілген дәрі-дәрмек бөлініп, толық әрі тиімді игерілген. Өткен жылы 21 бала дүниеге келген.
Ауылшаруашылығы саласы бойынша
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Береке» ШҚ төрағасы Бахыт Бегманов өз қаражатына Қостанай облысынан 13 бас асыл тұқымды мал әкеліп мал басын асылдандыру және ет өнімдерін дайындау бағытында жұмыс жасауда. Қазіргі уақытта 3 адам жұмыс жасауда. Сонымен қатар «Сейтқұлов» ШҚ төрағасы Жолдас Сейтқұлов және «Өлеңді» ШҚ төрағасы Талғат Сейдахметов асыл тұқымды мал басын көбейту мақсатында «Сауда коорпарациясы АӨК ҚР» мен келісімдер жүргізіп құжаттары әзірленуде. Мақсаты 250 бас асыл тұқымды мал алып көбейту. Бұл жағдайда 4 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.
Елді мекенде мал шаруашылығын дамыту бағытында өткен жылы жаңадан 2 шаруа қожалығы құрылды. Аталған шаруа қожалықтар жылқы малдарын көбейту бағытында жұмыстар жүргізуде.
Дін саласы бойынша
Елді мекенде орналасқан “Қарабура Ата” мешіті 2014 жылдан бастап пайдалануға беріліп, тұрақты түрде жұмыс жасап келеді. Мешіт үйінің құжаттары толығымен заңдастырылып, діни басқармаға тіркелген. Ауыл имамы Алмат Маханбетов өткен жылы облыстағы мешіт имамдарының білімін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған 1 айлық діни оқыту курсына қатысып, біліктілігін арттырды. Мешіт үйінде жұма намазы үнемі оқылып отырады. Жыл сайын көктем мезгілінде ауыл қорымын тазалау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту»
бағдарламасы бойынша
Елді мекенде 19 шаруа қожалық, 8 жеке кәсіпкер және 1 ЖШС жұмыс жасайды. 2017 жылдың қорытындысымен 4 жеке кәсіпкер тіркелді. ИП «Жарқынбек» Ж.Ердібеков шаштараз кәсібі бойынша және ИП «Мирас» Г.Бекова бөлшек сауда бағыты бойынша, ЖК «Ниязбеков» Қ.Ниязбеков жүк тасымалы бағыты бойынша, ЖК «Қалдыбаев» А.Қалдыбаев мал бордақылау орнын ашу бойынша тіркелсе, Т.Меруерт «Төре» шаруа қожалығын, Ғ.Зұлпыхаров «Айсұлу» шаруа қожалығын ашып, жалпы барлығы 6 адам жұмыспен қамтылған. ИП «Абдраманова» бүгінгі уақытта тәулігіне 120 дана нан пісіретін пешті өз қаражатына әкеліп шағын наубайхана ашу мақсатында құрылысы мен құжаттарын дайындауда. Ашылған уақытта 2 адам жұмыспен қамтылатын болады.
Елді мекеннен «Нәтижелі жұмыспен қамтудың 2017-2021 бағдарламасының І бағыты бойынша 3 азамат қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өткізілді. «Бизнес кеңесші» бағыты бойынша 2 азамат, «Бизнес-Бастау» бағыты бойынша 4 азамат курстан өтіп сертификаттарын алып, жобаларын қорғап құжаттарын облыстық кәсіпкерлер палатасы жанындағы комиссияға ұсынды. Ұсынылған қаржы көлемі 12 млн. теңге.
АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
1.Тартоғай-Айдарлы аралығындағы тас жолдың күрделі жөндеуден өткізілуі тиіс 28,5 шақырым тасжолдың 10 шақырым жолы асфальтталды. Қалған бөлігі осы жылы аяқталады деп күтілуде. 2.“Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі” бағдарламасы шеңберінде елді мекендегі Астана тұйығы және Бейбітшілік көшесінің №1 учаскесі көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тас төселді. 3.Елді мекендегі ауыз су жүйесін жалғастыру мақсатында жоба сметалық құжат дайындауға 1,5 млн. теңге бөлініп жұмыстар жүргізілді. 4.Жер, мүлік және көлік салықтары есебінен және ерікті алымнан қолма-қол ақшаны бақылау шотына аударылған қаржыға ауылды аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында арық тазалау жұмыстары жүргізілді.
АЛДАҒЫ ТҰРҒАН МІНДЕТТЕР
Елді мекен тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамту мақсатында жергілікті жерде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. Елбасы Жолдауында атап көрсетілгендей төменгі пайызбен берілетін несиелер бағдарламаларын барынша тиімді пайдалану. Елді мекенді абаттандыру жұмысын жандандыру. Ауыл орталығындағы ішкі көшелерді күрделі жөндеуден өткізу және жарықтандыру жұмыстарын іске асыру. Ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен толық қамтамасыз ету мақсатында су құбырын жеткізілмеген тұстарына тарту жұмыстарына ықпал жасау. Заң талаптарын сақтай отырып ауыл тұрғындарын әлеуметтік және мемлекеттік жәрдемақымен, зейнетақымен қамтамасыз ету, құжаттарын заңдастыру жұмыстары ауылдық әкім аппаратының алдағы уақыттағы жұмыс жоспарының негізгі бағыттары болмақ.