СПИД – ДАУАСЫЗ ДЕРТ
ХХ ғасырдың індеті атанған Вич/Спид, яки, адамның иммунитет тапшылығының вирусы және жұқтырылған иммунитет тапшылығының синдромы төңірегіндегі қорқыныш уақыт өткен сайын үдей түсуде. Емі табылу былай тұрсын, жыл сайын оның шырмауына миллиондар шырмалуда. Өрімдей жастар, бір тағдырлар тажал құрбанына айналу үстінде. Ендеше, атынан адам үркетін тажал тарихы қайдан басталған? Жалпы емі жоқ дерт туралы Қызылорда олыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының Шиелі ауданындағы маманы Балабек Қапанұлымен сұқбаттасқан болатынбыз.– Бүгінгі күні аймақта АИТВ ауруын жұқтырғандардың үлесі қандай? Жалпы ауданда қанша адам тіркеуде тұр?
– Бүгінгі таңда Қызылорда облысында 394 АИТВ-жұқтырған ҚР-ның азаматтары тіркелген. Дауасыз дерттің 2025 жылдың 10 айындағы дерегін айтар болсақ, АИТВ-жұқтырған 54 адам тіркелсе, оның 47-сі ҚР азаматтары. Өткен жылдың 10 айында 35 адамнан ауру анықталса, биыл 12 жағдайға өсім алған. Жылдан жылға үрей сыйлаған статистикалық деректің өсуіне байланысты аудан халқы арасында да АИТВ-инфекциясын анықтап жатырмыз. Осы бағытта Шиелі мен Қазалы аудандарында ЖИТС орталығының филилалдары мен Арал, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Жаңақорған аудандарында психоәлеуметтік кеңес беру кабинеттері жұмыс істеуде. 2025 жылдың 10 айында Шиелі филиалының ИФА-зертханасы бойынша 18245 қан үлгісіне талдау жасалынып, солардың 3 - н е н А И Т В и н ф е к ц и я с ы анықталып отыр. Ғасыр індетімен күресті күшейтіп, осы ауруды азайту, төмендету мақсатында алдын алу жұмыстары пәрменді түрде жүргізілуде.
– Ендігі кезекте АИТВн ы ж ұ қ т ы р у к ө з д е р і н е тоқталсаңыз... Аймақта тіркелген науқастардың басым бөлігі қандай жолмен жұқтырған?
Негізінен АИТВ-инфекциясы 3 жолмен жұғады. Жыныстық жолмен, қан арқылы (АИТВжұқтырған адамның қанын құю барысында, ағзасын ауыстыру барысында, иньекциялық есірткі тұтынушылар арасында бір шприцті, ортақ ыдыстарды қолданғанда) және жүкті әйелден балаға – (жүктілік кезінде, босану барасында және емізу кезінде). Аудан бойынша соңғы 5 жылда жыныстық жолмен жұқтыру дерегі басым болып отыр. Өсу үрдісімен алғанда анықталған аурудың 68 пайызы жыныстық жолмен жұқтырған. – Б ұ л и н ф е к ц и я н ы көбінесе қай жастағылар жұқтырады? Жас мөлшеріне тоқталып кетсеңіз... – Бұл ауру жасына, жынысына, әлеуметтік жағдайына қарамайды. Тіркелгендер жас ерекшеліктері бойынша 20-39 жас аралығын құрап отыр.
– Бүгінгі күні аймақта АИТВ ауруын жұқтырғандардың үлесі қандай? Жалпы ауданда қанша адам тіркеуде тұр?
– Бүгінгі таңда Қызылорда облысында 394 АИТВ-жұқтырған ҚР-ның азаматтары тіркелген. Дауасыз дерттің 2025 жылдың 10 айындағы дерегін айтар болсақ, АИТВ-жұқтырған 54 адам тіркелсе, оның 47-сі ҚР азаматтары. Өткен жылдың 10 айында 35 адамнан ауру анықталса, биыл 12 жағдайға өсім алған. Жылдан жылға үрей сыйлаған статистикалық деректің өсуіне байланысты аудан халқы арасында да АИТВ-инфекциясын анықтап жатырмыз. Осы бағытта Шиелі мен Қазалы аудандарында ЖИТС орталығының филилалдары мен Арал, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Жаңақорған аудандарында психоәлеуметтік кеңес беру кабинеттері жұмыс істеуде. 2025 жылдың 10 айында Шиелі филиалының ИФА-зертханасы бойынша 18245 қан үлгісіне талдау жасалынып, солардың 3 - н е н А И Т В и н ф е к ц и я с ы анықталып отыр. Ғасыр індетімен күресті күшейтіп, осы ауруды азайту, төмендету мақсатында алдын алу жұмыстары пәрменді түрде жүргізілуде.
Ендігі кезекте АИТВн ы ж ұ қ т ы р у к ө з д е р і н е тоқталсаңыз...
Аймақта тіркелген науқастардың басым бөлігі қандай жолмен жұқтырған? Негізінен АИТВ-инфекциясы 3 жолмен жұғады. Жыныстық жолмен, қан арқылы (АИТВжұқтырған адамның қанын құю барысында, ағзасын ауыстыру барысында, иньекциялық есірткі тұтынушылар арасында бір шприцті, ортақ ыдыстарды қолданғанда) және жүкті әйелден балаға – (жүктілік кезінде, босану барасында және емізу кезінде). Аудан бойынша соңғы 5 жылда жыныстық жолмен жұқтыру дерегі басым болып отыр. Өсу үрдісімен алғанда анықталған аурудың 68 пайызы жыныстық жолмен жұқтырған. – Б ұ л и н ф е к ц и я н ы көбінесе қай жастағылар жұқтырады? Жас мөлшеріне тоқталып кетсеңіз... – Бұл ауру жасына, жынысына, әлеуметтік жағдайына қарамайды. Тіркелгендер жас ерекшеліктері бойынша 20-39 жас аралығын құрап отыр.
– Жаңадан анықталған АИТВж ұ қ т ы р ғ а н д а р ғ а қ а н д а й к ө м е к көрсетесіздер?
– Жаңадан анықталған АИТВжұқтырғандарға бірінші психолог дәрігер кеңесі беріледі. АИТВ-статусы айтылады. Есепке алынып, тексерулер жүргізіледі. – Бұл аурудың емі жоқ екенін бәріміз білеміз. Дегенмен де, алдын алу үшін арнайы екпе немесе дәрі-дәрмектер қарастырылған ба? – Бұл инфекцияны толық жазып жіберетін вакцина табылған жоқ. Дегенмен вирусқа қарсы анти ретровирустық препараттар, дәрілер беріледі. Дәріні уақытылы ішкен уақытта вирус организмде көбеймейді, яғни аурудың клиникалық белгілері пайда болмайды. – СПИД, ВИЧ жайында жиі естиміз, оқимыз, айтамыз да. Бірақ дәл осы инфекцияға шалдыққан жандар қалай өмір сүріп жатқанын тіпті ойлағымыз да келмейді. Бұл дертке шалдыққан жандар бүгінде еңбекке қабілеттілер ме? Қоғамдағы орындары қандай? – Есепте тұрған науқастардың басым көпшілігі 20-39 жас арасындағылар, яғни еңбекке қабілетті жандар. АИТВ инфекциясы тұрмыстық жағдайда, қол алысқанда, ортақ ыдыстарды пайдаланғанда т.б жағдайларда берілмейді, яғни кез келген жұмысқа (қанмен жұмыс істейтін жерден басқа) тұра алады. АИТВ инфекциясын жұқтырған азаматтардың құқықтары ҚР-ның заңнамаларымен қорғалған.
– ВИЧ-тің алдын алу үшін ақпараттықтүсіндірме, насихат жұмыстары қаншалықты деңгейде жүргізілуде? Жалпы бұл дерт жайлы ақпараттарды мектеп жасындағы оқушыларға да түсіндіресіздер ме?
– АИТВ-инфекциясының алдын алу үшін егетін вакцина болмағандықтан халық арасында санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу, яғни түрлі семинар, дөңгелек үстел, тренинг, кездесу кешін, акция өткізу ең басты шара болып отыр. Жыл сайын АИТВ-ның алдын алу шаралары бағытында облыстық білім басқармасы, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, жастар ресурстық орталығы және басқа да жастар ісі жөніндегі үкіметтік емес ұйымдармен бірге жоспар жасай отырып, оқу орындарында жастар мен жасөспірімдер арасында әр түрлі форматта іс-шара өткіземіз. Осы жылдың 10 қарашасы мен 10 желтоқсаны аралығында дүниежүзілік ЖИТСке қарсы күрес күніне орай айлық жарияланды. Атап айтар болсақ, АИТВ-инфекциясын емдеу, тестілеу және алдын алу үшін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды, сондай-ақ халықтың осал топтарында стигмаға, кемсітуге жол бермеу, қоғамда оларға басқалардай көзқараспен қарау, АИТВ алдын алу мен емдеуге кедергі келтіретін құрылымдық теңсіздіктің нақты көріністерін атап көрсете отырып, оларды жою үшін қажетті шараларды қабылдау. Аталған бағыттар бойынша үздіксіз жұмыстар жүргізіліп, әр сала қызметкерлерімен семинар, брифинг өткізілуде. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде». Ұлт үшін, ұрпақ үшін алаңдаған адам уақытылы тексеруден өтіп тұруы қажет. Жұқтырылған ауруды емдеуге қарағанда, АИТВ-ны жұқтырудан сақтану анағұрлым пайдалы және тиімді екенін баршамыздың білгеніміз жөн. Сақтансаң сақтаймын деген. Сол себептен қауіпті дерттен сақтанып жүрейік!
– Сұхбатыңызға рақмет!
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ






