Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "СПИД – қатерлі дерт" акциясы өтті

"СПИД – қатерлі дерт" акциясы өтті

 Шиелі ауданаралық ауруханасында "1 желтоқсан ЖИТС-пен қарсы күрес күні" атты акция өткізілді. Акцияның негізгі мақсаты – Спид-адамзат алдында тұрған жаңа қиын мәселе, оны тек медициналық қана емес, әлеуметтік мәселе болып табылады. Сондықтан да барша аудан тұрғындарын жастар қауымын салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырамыз.
Іс шараны ашып беру үшін сөз кезегі Шиелі ауданаралық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Мұсағалиева Бақтыгүл Сағидоллақызы және де Қызылорда облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын-алу орталығының Шиелі филиалының меңгерушісі Сәдуақас Анафия ашып берілді.
–АИТВ – адамның иммун тап­шы­­лығы вирусы. Ол жыныстық қа­ты­нас немесе қан арқылы жұғады. Сонымен бірге жүкті әйелдің бойын­дағы АИТВ инфекциясы бала­сы­на берілуі мүмкін. Ал егер осы инфек­циямен ауыратындар дұрыс ем­дел­месе, жұқтырылған иммун тап­шылығы үдей түседі. Бұл – АИТВ инфекциясының соңғы кезеңі. Науқастардың көбі АИТВ виру­сын жұқтырғанын білмей қала­ды. Өйткені вирус адам ағзасында бірнеше жылға дейін өмір сүре бе­­реді. Сондықтан тест тапсырып, оның қандай деңгейде екенін анық­тап алған жөн. Тіпті, 1 желтоқсан – Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай еліміздің барлық ай­мағында бір ай бойы акция өткі­зі­ліп, жедел-тест арқылы ВИЧ-ті анықтауға мүмкіндік бар, – деді мамандар.
Іс шара бағдарламасы аясында көріністер мен ән айтумен қатар әр аймақ бөлімінің стенд көріністерімен  алғыс хаттармен марапатталды.
30 қараша 2022 ж. 609 0