Дерт дендесе дауасыз
Әр жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде, халықаралық ЖИТС (СПИД) (жұқтырылған иммунитет тапшылығының синдромы) ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күні өткізіледі. Бұл күн алғаш рет 1983 жылы Сан-Франциско қаласында аталып өтілген болса, қазіргі таңда әлемнің 115 елінде, 1200-ге жуық қоғамдық ұйымдардың атсалысуымен өткізілетін кең көлемді шаралардың бірі болып табылады.
Биылғы жылы халықаралық ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күні 35-ші рет өткізілмекші. Бұл күнді өткізудің мақсаты – АИТВ-мен (адамның иммунитет тапшылығының вирусы) өмір сүруші адамдарға моральдық, рухани және психологиялық қолдау көрсету, АИТВ/ЖИТС проблемасының бар екенін қоғамның барлық құрылымдарының есіне салу. Қазіргі таңда жер шарында 35 млн. астам АИТВ жұқтырғандар өмір сүреді, оның 20 млн. ЖИТС індетінен қайтыс болған. АИТВ жұқтырғандардың көбісі 30 жасқа дейінгі жастар. Қазіргі таңда әртүрлі үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, АИТВ/ЖИТС-тың алдын алуға бағытталған көптеген іс-шаралар өткізіледі. Олардың мақсаты – жалпы халықты оның ішінде жастар мен жасөспірімдер АИТВ инфекциясынан сақтандыру және олардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
Өсу үрдісімен осы мерзімге Қызылорда облысында барлығы 161 адам тіркелген, оның ішінде Қазақстан азаматы 128, жасырын тексерілгендер – 4, шетелдіктер – 29 болса, оның 22-сі Өзбекстан, 5-уі Ресейден, бір-біреуден Түркия мен Африкадан болған. 2017 жылы үш айда облыс бойынша 5 адам тіркелсе, 2018-ші жылдың үш айында да 5 адам тіркеліп, бір деңгейде болды. Аудандар бойынша осы уақытқа дейін өсу үрдісімен Арал – 6, Қазалы – 10, Қармақшы – 5, Жалағаш – 1, Сырдария – 2, Шиелі – 11, Жаңақорған – 6, Қызылорда қаласынан 74 тіркеліп отыр.
Жалпы республикада да, біздің облыста да АИТВ-ның індеттік жағдайы күрделеніп келеді, оның ішінде біздің ауданда облыстағы басқа аудандардың арасында жоғары көрсеткіш көрсетуі, яғни, өсу үрдісімен осы уақытқа дейін тіркелген 11 адамның 2-уі жұмысшы, 1-уі әскери қызметкер, 4-уі жұмыссыз, 1-уі зейнеткер, 2-уі жүкті әйел, 1-уі бір жасқа дейінгі бала болғаны, бұл ауру жасқа да, әлеуметтік статусқа да қарамайтыны сонымен қатар, соңғы төрт жылда 8 жағдай тіркеліп отырғаны алаңдатарлық жағдай. Аудан бойынша тіркелген 11 адамның 3-уі қазіргі таңда қайтыс болған.
А.Садуақас,
ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың аудандағы филиалының меңгерушісі.