Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БАЛАЛАР ҮЙІ БАРҒАН САЙЫН АЗАЮДА

БАЛАЛАР ҮЙІ БАРҒАН САЙЫН АЗАЮДА


Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева Ақтөбе облысындағы бейнеоконференцияда балалар үйіне үкіметтік емес ұйымдарды жолатпау керектігі жөнінде айтқаны жалпақ жұртшылыққа мәлім.  
–Мен «Аналар үйіне» бардым , онда өрт сатысы жоқ. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы да мәз емес. «Ана үйі» қорының барлық балалар үйі жеке секторларда орналасқан. Ол үйлерде ең көбі 10 отбасы мүшесі тұра алады. Олар ғимаратты меценаттардың арқасында жалдап тұруда, бірақ ол үйлерге балалары бар 30-ға жуық ана орналастырылып жатыр. Екі-үш қабатты жеке үйлер. Өрт сатысы да, қосымша шығар есік те жоқ. Барлығы бір немесе екі жуынатын бөлмені қолданады, – деді З.Балиева.
Зағипа Балиева  Білім және ғылым министрлігіне осындай үйлерде тұру талаптарын жақсарту қажеттігі туралы хат жазған. Омбудсмен  қазіргі таңда балалары бар әйелдерді орналастыру үшін «сәбилер үйінде» қажетті орын бар екендігін атап өтті.
Зағипа Балиева «бір де бір балалар үйінде сол мекеменің ұжымынан басқа, қандай да бір қорлар, үкіметтік емес ұйымдар болмауы керек», – деп Балалар құқығын қорғау комитетіне өтініш жасағаны белгілі.
Осыған орай кеше Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің балалық шақты жақсартуға жұмыс істейтін бірнеше Үкіметтік емес ұйымдармен меморандумға қол қойғанын мәлім етті.
Расында да қазіргі таңда балалар үйінде тәрбиеленушілерге мемлекет тарапынан көп қамқорлық жасалып жатыр. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев «Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде айтылған сөзінде «Жетім балаларды асырап алушы және тәрбилеуші азаматтар үшін жағымды құқықтық ортаны күшейту қажет. Бұндай отбасылар мемлекет және қоғамдық бірлестіктердің жан-жақты көмек объектісіне айналу керек. Жыл сайын балалар үйінен балаларды асырап алушы адамдар санының өсуі қуанышты. Отбасыларда патронатты тәрбиелеу, қамқор болу және қамқоршылық тәжірибесін кеңейту үшін заңды негізді нығайту қажет.  Көптеген мемлекеттерде қамқорсыз қалған балаларды уақытша орналастыратын «қонақ отбасы» тәжірибелері бар. Біз осы тәжірибені есепке алғанымыз жөн», –деп атап көрсеткені белгілі.
Президент тапсырмасына орай Қазақстандағы балалар үйінде тәрбиеленушілер мен  балалар үйінің саны барған сайын азаюда. Бұрын болмаған көрсеткіш: соңғы 5 жылдың ішінде балалар үйінде тәрбиеленушілердің саны 57 пайызға (11 мыңнан 6 мыңға дейін) азайды, өздерінің туған отбасыларына 2051 бала қайтарылды.  Осының арқасында елімізде жетім балалар және ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларға арналған 58 мекеме қайта ұйымдастырылды немесе жабылды.
Аталған үдеріс туынды мәліметтер базасының ашылуының, сонымен қатар Үкіметтік емес ұйымдардың белсенді қатысуының арқасында айтарлықтай жақсарғанын да мойындауымыз керек. Дамыған мемлекеттердің ең озық үлгісі мен БҰҰ мен ондаған халықаралық ұйымдардың әлемдік тәжірибесі көрсеткендей, баланың отбасында өмір сүргені және үйде жайлы жағдайда өскені дұрыс.
         Білім және ғылым министрлігі осы бағытта белсенді жұмыс жасайтын Үкіметтік емес ұйымдармен бірге қызмет жасауға дайын. Әрбір үкіметтік емес ұйым заң аясында балалар құқықтарын қорғау саласында іс-шаралар жасау бойынша жергілікті атқарушы органдармен меморандум немесе келісім жасасуға құқығы бар.
Осыған орай Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 8 халықаралық және қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар меморандумға қол қойды және белсенді жұмыс жасауда. Олар –ЮНИСЕФ, РRI, «ҮЙ» ҚҚ, «Ана үйі», «Кризистік орталықтар одағы», «Отбасылық Академия», «Жанұя», «Құқық» үкіметтік емес ұйымдары екенін айта кеткен жөн.
Сондықтан Білім және ғылым министрлігінің  Балалардың құқықтарын қорғау комитеті балалық шақты жақсартуға жұмыс істейтін Үкіметтік емес ұйымдарды қолдайды.
Еркін ҚАЛДАН
03 сәуір 2018 ж. 1 500 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031