Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Менингококк инфекциясының алдын алу

Менингококк инфекциясының алдын алу


Менингококкты инфекциясы – Neisseria meningitidis бактериясы тудыратын аса қауіпті инфекциялық ауру. Менингококты инфекциясының ауырлық дәрежесі бірнеше сағаттың ішінде өлімге алып келетін назофаронгиттен басталып бірден сепсиске дейін ауытқиды. Аурудың ауа-тамшылы жолдары арқылы беріледі (жөтелгенде, түшіргенде, сөйлескенде).
Менингококтың алғашқы белгілері суық тигенге ұқсас болып келеді (жоғарғы температура, бас ауруы). Аурудың егжей-тегжейлі көрінісі пайда болған кезде, медициналық көмекке уақтылы жүгінбесе, өлім-жітім 50% - дан асады. Негізгі клиникалық көріністерге мыналар жатады: дене температурасыны ң күрт жоғарылауы 39,0°іC және одан жоғар
Менингококкты инфекцияның негізгі алдын алу шаралары:
1. Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде,асқынып кетуді болдырмас үшін медициналық көмекке жүгіну қажет, және өзін-өзі емдеумен айналысуға болмайды;
2. Адам көп жиналатын жерлерге бармау керек;
3. Аурып қалмау үшін және айналаданғы адамадарға ауру жұқтырмау үшін, мұрын-жұтқыншақтарының жедел және созылмалы ауруларды (фарингит, тонзилит, ларингит) уақтылы емдеу керек;
4. Таза ауада серуендеу керек, қоғамдық көліктермен жүрмеуге тырысу керек;
5. Витаминдер мен микроэлементтермен байытылған толық және теңдестірілген тамақтану, спортпен шұғылдану, ағзаны шынықтыру иммунитттің жоғарлауына ықпал етеді;
6. Үй-жайларды жиі желдету, күніне кемінде 2 рет дымқыл тазалау жүргізу керек;
7. Жөтелген кезде, түшкірген кезде бір реттік орамал пайдалану керек;
8. Жеке гигиенаны сақтау, қолды сабынмен және сумен кем дегенде 20 секунд мұқият және жиі жуу керек.

Өкінішке орай, көптеген ата-аналар аурудың қауіптілігін толық түсінбейді, сондықтан білікті медициналық көмектен бас тартады. Менингококк инфекциясы ауруының кенеттен басталуын және ауырлығын ескере отырып, оның алғашқы белгілерінде мүмкіндігінше ертерек дәрігерден көмек сұрау қажет, бұл баланың, жасөспірімнің өміріне байланысты болады. Менингит ең қауіпті инфекциялардың ондығына кіреді, сақ болыңыз.
05 желтоқсан 2025 ж. 27 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031