Менингококкты инфекциясы

Менингококкты инфекцияның негізгі алдын алу шаралары:
1. Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде,асқынып кетуді болдырмас үшін медициналық көмекке жүгіну қажет, және өзін-өзі емдеумен айналысуға болмайды;
2. Адам көп жиналатын жерлерге бармау керек;
3. Аурып қалмау үшін және айналаданғы адамадарға ауру жұқтырмау үшін, мұрын-жұтқыншақтарының жедел және созылмалы ауруларды (фарингит, тонзилит, ларингит) уақтылы емдеу керек;
4. Таза ауада серуендеу керек, қоғамдық көліктермен жүрмеуге тырысу керек;
5. Витаминдер мен микроэлементтермен байытылған толық және теңдестірілген тамақтану, спортпен шұғылдану, ағзаны шынықтыру иммунитттің жоғарлауына ықпал етеді;
6. Үй-жайларды жиі желдету, күніне кемінде 2 рет дымқыл тазалау жүргізу керек;
7. Жөтелген кезде, түшкірген кезде бір реттік орамал пайдалану керек;
8. Жеке гигиенаны сақтау, қолды сабынмен және сумен кем дегенде 20 секунд мұқият және жиі жуу керек.
Өкінішке орай, көптеген ата-аналар аурудың қауіптілігін толық түсінбейді, сондықтан білікті медициналық көмектен бас тартады. Менингококк инфекциясы ауруының кенеттен басталуын және ауырлығын ескере отырып, оның алғашқы белгілерінде мүмкіндігінше ертерек дәрігерден көмек сұрау қажет, бұл баланың, жасөспірімнің өміріне байланысты болады. Менингит ең қауіпті инфекциялардың ондығына кіреді, сақ болыңыз.
Шиелі аудандық санитариялық-эпидемиолгиялық бақылау
басқармасы басшысы Айтекеева Гүлзада Садықбекқызы
басқармасы басшысы Айтекеева Гүлзада Садықбекқызы