Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Менингит несімен қауіпті және одан қалай қорғану керек?

Менингит несімен қауіпті және одан қалай қорғану керек?


Алматыда менингококк инфекциясына шалдығу оқиғалары туралы белсенді түрде талқыланып жатыр. Бұл мәселе дәрігерлерді жұмыла кірісуге итермелеп, тұрғындардың алаңдаушылығын тудырып отыр. Дәрігерлердің сөзінше, менингококк инфекциясының тарауы туралы емес, оның маусымдық белсенділігі жайында сөз болып отыр. Дегенмен, адам бір мәселе туралы қаншалықты аз хабардар болса, соншалықты көп үрейлене түседі. Менингококк инфекциясына қарсы екпе әзірге Қазақстанның ұлттық екпе күнтізбесіне кірмегендіктен, менингококк туралы барлығы біле бермейді. Мұндай екпе Меккеге немесе Мединаға қажылыққа барушы адамдардан міндетті түрде талап етіледі. Дегенмен, менингококкқа қарсы екпені қажет ететін қауіп тобына жататын адамдар елде әлдеқайда көбірек. Қазақстан мен Ресейдің жетекші мамандары менингококк инфекциясы және оның елімізде қаншалықты тарағандығы, одан неліктен қорғану қажеттігі жөнінде айтып берді.           "С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің" Балалар жұқпалы аурулар кафедрасының профессоры, Тұрғындарды иммундау жөнінде Консультативтік комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Ералиева "менингококк деген не және ол несімен қауіпті?" деген сұраққа былай деп жауап берді. - Менингококк - ол бактерия. Менингококк бактериясының 12 түрі бар. Олардың 6-уы (A, B, C, W135, Y, X) адам өміріне қауіпті. Бұл бактериялар мұрын мен жұтқыншақтың шырышты қабығында болады және бір адамнан екіншісіне жеке тығыз байланыс кезінде, бір мекемеде бірге ұзақ отыру кезінде жұғады. Менингококк инфекциясы науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсетілгеніне қарамастан және аурудың асқынуынан өлімге апару мүмкіндігінің жоғары болуымен қауіпті. Одан аман қалған әрбір бесінші адамды өмірінің соңына дейін сіңірдің тартылуы, аяқ-қолдың қозғалмауы, бүйрек аурулары, кереңдік және ақыл-естің кемістігі тәрізді шектеулер мазалайды деп есептелінеді. Менингит - ол өте қауіпті инфекциялық ауру, бас және жұлынның жұмсақ қабығының қабынуы және түрлі бактериялар мен вирустардан туындауы мүмкін. Алайда, менингококк менингиттері (менингококк қоздырғышы тудырған) аса қауіпті.  Менингитке апаруы мүмкін пневмококк және гемофильді инфекциялар Қазақстанның ұлттық екпе күнтізбесіне кіреді.
Kaz.tengrinews.kz
27 мамыр 2018 ж. 1 216 0