Топ-баннер
Топ-баннер2
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Алтын сапа» және «Парыз» байқауларының жеңімпаздары марапатталды

«Алтын сапа» және «Парыз» байқауларының жеңімпаздары марапатталды

«Алтын сапа» және «Парыз» байқауларының жеңімпаздары марапатталды
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының лауреаттарын, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттады. Президент марапат барысында «Парыз» байқауына қатысушылар түрлі қайырымдылық шараларға 37 миллиард теңгеден астам қаржы салғанын атап өтті, деп жазады Egemen.kz
«Қазақта «Жақсылық жүрген жерде тапшылық болмайды» деген сөз бар. Биылғы «Парыз» байқауына қатысушылар түрлі қайырымдылық шараларға 37 миллиард теңгеден астам қаржы салған. Бұл отандық бизнестің қоғам игілігі үшін аянбай адал қызмет етуге дайын екендігін көрсетеді.
Осында отырған әр азаматтың туған елге деген ықылас-пейілі жас кәсіпкерлерге үлгі-өнеге болары сөзсіз.
Сіздерге тағы да шынайы ризашылығымды білдіремін! Кәсіптеріңіз алға баса берсін! Баршаңызға амандық, табыс тілеймін», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Алтын сапа» және «Парыз» байқауларына қатысқан кәсіпкерлердің барлығына алғыс айтып, лауреаттарды марапаттады.
Шағын және орта бизнес субъектілері арасында «Парыз» сыйлығы Солтүстік Қазақстан облысының «Ақ-Ниет-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне табысталды. Ал ірі бизнес өкілдері ішінен Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» корпорациясы лайық деп танылды.
«Алтын сапа» сыйлығына «Үздік индустриалдық жоба» аталымы бойынша «Karlskrona LC AB» (Шымкент қаласы)«Үздік инновациялық жоба» аталымы бойынша «AG TECH» (Астана қаласы) компаниялары ие болды. 
05 желтоқсан 2025 ж. 246 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031