Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Халық санының көбеюі Қазақстанның дамуына қосымша серпін береді – Тоқаев

Халық санының көбеюі Қазақстанның дамуына қосымша серпін береді – Тоқаев


Фото: Telegram/Aqorda

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде халық санының өсуі дамуға қосымша серпін беретінін мәлімдеді, деп хабарлады Ақорда.

Жақында Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті. Бұл – тарихи белес. Оған бүкіл ел болып қуандық. Халық санының көбеюі мемлекетіміздің дамуына қосымша серпін беріп, елімізге абырой әкелетініне еш күмән жоқ. Сондықтан біздің негізгі мақсатымыз – барша жұртымыздың сапалы тұрмысын қамтамасыз ету, – деді мемлекет басшысы «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының жеңімпаздарын марапаттау кезінде.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 74,4 жасқа жеткенін атап өтті.

Бұл – еліміздегі медициналық қызметтің сапасымен қатар, азаматтардың әл-ауқаты жақсарып жатыр деген сөз. Ұлт руханияты да жаңаша өркен жайып келеді. Ірі қалаларда, ауыл-аймақтарда мәдени жаңғыру байқалуда. Мысалы, еліміздің әр түкпірінде апта сайын ондаған концерт, спектакль қойылады. Соған қарамастан жұрт театрға билет таппай жатады. Қоғамымызда, әсіресе жастар қауымында креативті индустрия қарқынды дамып келе жатыр. Бұл – өте жақсы үдеріс, – деді президент.

Еске сала кетсек, биыл 14 қарашада Қазақстан халқының саны 20 миллионға жеткен еді. 20 миллионыншы тұрғындардың отбасыларын облыс әкімдері құттықтады.
12 желтоқсан 2023 ж. 121 0