Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент туризм саласын дамытуды тапсырды

Президент туризм саласын дамытуды тапсырды



Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның туризм саласындағы әлеуеті жоғары екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы туризм саласына ден қою керегін айтты.
«Тағы бір маңызды мәселе. Үкімет және Парламент туризмді дамыту мәселесіне баса назар аударуға тиіс. Еліміздегі туризмнің әлеуеті зор, көрікті жерлеріміз өте көп. Бірақ сол жерлерге барып, демалуға әлі де жұрттың қолы жете бермейді. Бұл салаға тың серпін беру үшін, ең алдымен, инфрақұрылым мәселесін кешенді түрде шешіп, қызмет сапасын түбегейлі жақсарту қажет», деді Қ. Тоқаев.
Сонымен қатар туризм саласына көбірек инвестиция тартуды тапсырды.
«Кәсіпкерлер туризмнің болашағы зор екенін көруі керек. Сол үшін қажетті жағдайды жасаған жөн. Осы салаға салынған жеке инвестицияның көлемі, іштен және сырттан келген туристердің саны неғұрлым көп болса, жұмыстың нәтижесі де соғұрлым тиімді болмақ», деп атап өтті Президент.
29 наурыз 2023 ж. 351 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (9307)

02 маусым 2025 ж.

№39 (9306)

28 мамыр 2025 ж.

№38 (9305)

24 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30