Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы ауыл мұғаліміне хат жазды

Мемлекет басшысы ауыл мұғаліміне хат жазды

Індеттің екінші кезеңі болуы мүмкін”. Тоқаев қазақстандықтарға сақ болуға  кеңес берді: 11 мая 2020, 13:37 - новости на Tengrinews.kz Kyzylorda-news.kz. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үштөбеде тұратын білім саласының ардагерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы құттықтау хатты 74 жастағы орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Валентина Спиридоноваға жолдады.
Валентина Григорьевнаның педагогикалық қызметі 1963 жылдан басталады. Спиридонова 1995 және 2009 жылдар аралығында Кемел Тоқаев атындағы жалпы білім беретін мектепті басқарған.

«Құрметті Валентина Григорьевна! Сізді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Көктемнің сұлулық пен нәзіктік мерекесінде мейірімділігіңіз, түсіністігіңіз бен жемісті еңбегіңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Әр күн сізге және жақындарыңызға қамқорлық пен махаббат сыйласын. Зор денсаулық, жан тыныштығы мен бақыт тілеймін», – деп жазды Тоқаев өз құттықтауында.
Президенттің құттықтау хатын Алматы облысының әкімі Амандық Баталов табыстады. Өңір басшысы да блім саласының ардагерін 8 наурызбен құттықтады.

Валентина Спиридонова мен Амандық Баталов
«Мен ауыл мұғалімімін. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмысбастылығына қарамастан мені және біздің мектепті ұмытпайтыны қатты қуантады. Оған үлкен алғысымды айтамын. Қазақстанымыз әрқашан гүлдене берсін»,  – деді Валентина Спиридонова.
Ардагер педагог «Алтын барыс», «Ыбырай Алтынсарин», «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгілерімен, сондай-ақ «Шапағат» медалімен марапатталған.
Зейнетке шыққаннан кейін 2009 жылы Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қорын басқарды. Қор көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсетеді. Соңғы бірнеше жылда отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына елуден астам грант ұсынған.
07 наурыз 2021 ж. 470 0