Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Құрметті қазақстандықтар!
Сіздерді Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – батыр бабалардың даңқты жолы мен бүгінгі буынның туған елге қызмет ету дәстүрін тоғыстыратын мереке.
Отан қорғау – қасиетті парыз әрі мәртебелі міндет. Халқымыз антына адал, сертіне берік перзенттерін ерекше қадірлейді.     
Биыл Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осы кезеңде айбынды армиямыз қастерлі Тәуелсіздігіміздің және мемлекеттілігіміздің мызғымас қорғанына айналды.
Қорғаныс әлеуетімізді арттыру, сарбаздардың дайындығын күшейтіп, оларға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі.     
Бейбіт өміріміз бен тыныштығымызды, жеріміздің тұтастығын сақтау үшін қызмет етіп жүрген сардарлар мен сарбаздарға ризашылығымды білдіремін. 
Ержүрек жауынгерлеріміз ел сенімін ақтайды деп сенемін!
Баршаңызға бақ-береке және толағай табыс тілеймін!
https://baq.kz​​​
07 мамыр 2022 ж. 707 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (9272)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (9271)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (9270)

14 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031