Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Құттықтау

Құттықтау

Құрметті Отан қорғаушы – сарбаздар! Ардақты ардагерлер!

7 мамыр – Мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен тыныштығының кепілі – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылған күні.
Баршаңызды айбыны асқақ, тағылымы терең, рухы биік айтулы мереке – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіз мемлекеттің ең басты қағидасы – мемлекет тұтастығын және Отан тыныштығын сақтау.
Егемен еліміздің шекарасы айқындалып, қазығы қағылып, іргеміз бекіді. Бейбіт те берекелі тұрмыс, ашық аспан, ел бақытының баянды болуы Отан қорғаушылардың қолында екені бәрімізге белгілі. Тәуелсіздігіміздің тірегі бекем, тұғыры биік болуы үшін жас ұрпақты білімді де саналы етіп тәрбиелеу алдыңғы буын ағаларға парыз.
Ұлт пен ұлысты ұйыстырар татулықтың туын желбіретіп, тәлімді ұрпақ тәрбиелеп отырған аталар жолы, әкелер ізі ғасырдан ғасырға жалғаса бермек! Біз қашанда «Азамат сыны – ерлік, ерлік сыны – елдік» деген аталы сөзді ұрпағының бойына сіңіре білген халықпыз.
Еліміздің әр азаматы өз Отанымыздың қорғаныс қабілетін нығайтуға, Қазақстан халқының игілігі мен бейбітшілігін қорғауға үлес қосуға міндетті. Отан қорғаушылар күні – Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, ерлік пен жауынгерлік күшке ие нағыз ерлердің мерекесі.
Қазір дүние жүзін жайлаған індетке қарамастан сындарлы сәтте сыр бермей, ел қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтауда ер азаматтар лайықты еңбек етуде.
Қымбатты жерлестер!
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға баянды бақыт пен амандық, бірлік пен ынтымақ тілеймін.

Құрметпен,
Қ.Мүбараков,
Шиелі ауданының әкімі

07 мамыр 2021 ж. 626 0