Қадірлі жерлестер!
Құрметті әкелер, ағалар, інілер, бауырлар! Сіздерді 7-мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүрекпен құттықтаймын! Біздің отандастарымыз үшін бұл мереке батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны болып табылады. Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.
Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, олардан өнеге алып өсетін жас ұрпақ Отанына адал қызмет етеді деп сенемін. Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс тілеймін. Шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз берік болсын. Мерейлі мерекемен құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілеймін!
Патима Маханбет,
«Нұр Отан» партиясы Шиелі
аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары