құттықтау
Құрметті жерлестер!
Баршаңызды «Отбасы күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Отбасы – қоғамның іргетасы, ажырамас бөлігі.
Елбасы: «Отанға деген ыстық сезім жақындарыңа, туған-туысқандарыңа де-
ген сүйіспеншіліктен басталады,» – деп, отбасының маңызын атап көрсеткен .
Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алып, онда адамгершілік
пен ізгіліктің негізі қаланады.
Отбасының ең басты құндылығы – күнделікті өмірінен білініп жүрген
патриоттық сезімі, үлкендерді құрметтеумен байланысты және бала
тәрбиесінде, оқуда, еңбекте көрсетілген рухани-өнеге негіздерін ұрпақтан-
ұрпаққа жалғастыруы. Әрбір шаңырақтағы береке – түптеп келгенде, тұтас
елдің берекесі. Адамға еңбекқорлық, отансүйгіштік, жасампаздық пен
мейірімділік сияқты асыл қасиеттер отбасы арқылы дариды.
Отбасы – бақыт пен шаттықтың, берекелі бірліктің алтын қазығы.
Құрметті аудан тұрғындары!
Баршаңызға отбасы күні мерекесі құтты болсын, халқымызға бейбітшілік
пен тыныштық, шаңырақтарыңызға бақыт, табыс тілеймін!
Мерейлі отбасылар көбейе берсін!
Құрметпен,
Ә.Оразбекұлы,
аудан әкімі.