Отбасы – бақыт мекені
Отбасы – ежелден
келе жатқан әлеуметтік
институттардың бірі.
Со ндай-ақ, ол бір
жағынан әлеуметтік
институт, ал, екінші
жағынан өзінің
қалыптасу және даму
заңдылықтары бар,
қандас туыстыққа
негізделген, ерлі-
зайыптылардың, ата-
ана мен балалардың,
туысқандардың туыстық
қарым-қатынастарын
реттестіруші кіші
топ. Қазақ қоғамы ер
кісінің беделі мен
билігіне негізделген
отбасындағы дәстүрлі
қарым-қатынастар
жүйесімен ерекшеленеді.
Отбасы әлеуметтік институт
ретінде қазақ
мәдениетінің салт-
дәстүрлерін ғасырлар
бойы ұрпақтан-ұрпаққа
жеткізіп келеді.Отбасы – адам өміріндегі
ең қымбат дүние екені белгілі.
Үйдің берекесі ер мен әйелдің
сыйластығы, татулығымен кіреді.
Сондықтан, шаңырақтың берік
болуына екі жақ бірдей жауапты.
Халқымыз «Отан – отбасынан
басталады
» деп бекер айтпаған.
Аталы сөздің астарына үңілсек,
отбасы және некенің мемле-
кет үшін қаншалықты маңызды
екенін аңғаруға болады. Яғни,
әр қазақстандық отбасының
жетістігі тұтас мемлекеттің жеңісі.
Еліміздегі әрбір отбасының
жағдайы жақсы болса мемле-
кет те дамып нығаяды, халықтың
әл-ауқаты артады. Қай уақытта
болсын елдің дамуына қоғамдағы
отбасының жағдайына байланысты
баға берген. Адам өмірі отба-
сынан басталады және оның аза-
мат ретінде қалыптасуы да отба-
сында өтеді. Халықтың өмір сүру
сапасы мен деңгейін жақсартудың
негізі ана мен баланы әлеуметтік
қорғау. Еліміз тәуелсіздік алғалы
бері көпбалалы отбасыларды
әлеуметтік қолдауға барынша мән
берілді. Арнайы жәрдемақылар
мен әлеуметтік көмек түрлерінің
саны артты. Қазіргі жұмыс
істейтін әйелдер жүктілігіне бай-
ланысты әлеуметтік төлемдер
белгілеу үшін өтініш бере ала-
ды. Сонымен қатар, әлеуметтік
аз қамтылған отбасыларға да
мемлекет тарапынан қолдау
көрсетіледі.
Отбасы – шағын бір мемлекет.
Жанұядағы тәлім-тәрбие үлкен бір
мемлекетті қалыптастыратынын
ескерсек, ұрпаққа ұлағатын
көрсететін «Ишанқұловтар» сын-
ды мәуелі бәйтерекке айналған
үлкен шаңырақтың саны ар-
тып, оны дәріптеуді үрдіске
айналдырғанымыз да жөн шығар.
Ал, «Мерейлі отбасы» секілді
тәрбиелік мәні зор сайыстың
қолға алынуы мерейімізді үстем
ете түспек.
Гүлнәр ӘБДІ ХАН ИҚЫЗЫ .