Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » озық ойлы отбасы

озық ойлы отбасы

Жарасымды жанұя мен ізгілікті қасиеттерге толы әулет қашан да көпке үлгі болуы тиіс. Осы мақсатта 2013 жылы Елбасы Жарлығымен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы жарияланған болатын. Отбасы – береке-бірліктің қайнар көзі десек, шаңырақ шаттығы мен ұлттық тәрбиені ұлықтайтын бұл байқаудың маңызы ерекше.
«Мерейлі отбасы-2018» жал­пы­­ұлттық байқауының Шиелі
ауданы бойынша іріктеу кезеңі өтті. Өтінім берген 13 отбасының арасынан аудандық «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу жөніндегі комиссия бесеуін таңдап алды.
Аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы А.Есмаханов күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Мерейлі отбасы» республикалық ұлттық конкурсына құжаттарын ұсынған отбасылар жайлы деректермен таныстырып өтті. Комиссия мүшелері ұсынылған отбасылар жайлы жеке құжаттарымен танысып, ұсыныс-пікірлері сараланды.
«Мерейлі отбасы-2018» ұлттық байқауы арқылы қазақстандық үлгілі, тату-тәтті отбасыларды таңдау мақсат болса, бұл іріктеуден өткендер осы үдеден шыға білді. Отбасылардың қайсысын алсаңыз да, бір-бірін сөзсіз түсінеді. Бала тәрбиесіндегі ұстанымдары да ұқсас.
Олар көпбалалы Сұлтанов, Айтбаев, Ишанқұлов, Есімсейітов, Ташимовтар отбасы. Қазылар алқасы таңдаудың қиынға түскенін айтып отыр. Себебі бес отбасы да еңбекпен есейіп, жан-жағына үлгі-өнеге көрсетіп отырған жандар. Байқаудың да көздегені осы.


Дина ӘБІЛАСАН.
20 мамыр 2018 ж. 1 523 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930