Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеңістің байрағы желбіреген күн

Жеңістің байрағы желбіреген күн

Бүгін Жеңістің 73 жылдығына арналған «Жеңістің рухы биік, даңқы мәңгі» атты митинг және гүл қою рәсімі өтті. Шара Арман мәдениет үйінен Тағзым алаңына дейін Жасампаз жасақ шеруінен басталды. Шеруде қан майданнан оралмаған сарбаздардың, Ұлы Жеңісті ұрпақ еншісіне алып келіп, бейбіт өмірде де ерен еңбектің үлгісін көрсеткен ардагерлеріміз бен соғыс жылдары хабарсыз кеткен жауынгерлердің туыстары мен ұрпақтары бар. Шарада мәңгілік алауға елімізге тыныштық, бейбітшілік сыйлаған Ұлы Отан соғысының батырларына гүл шоқтары қойылды. Аудан тұрғындары бір минут үнсіздікпен қаһармандардың рухына тағзым етті. Аудан әкімі Әшім Оразбекұлы мен Ұлы Отан соғысының ардагері Байжанов Сәрсенбек жұртшылықты Жеңіс күнімен құттықтады. Ауданның «Құрметті азаматы», аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сұлтанбек Қойшыбайұлы ардагерлер атынан айтулы мерекемен құттықтап, Жеңістің алар орнын айтып өтті. Мерекеге Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен бірге тыл еңбеккерлері және тұрғындар қатысты. Шара жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.
09 мамыр 2018 ж. 1 601 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (9327)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (9326)

11 тамыз 2025 ж.

№58 (9325)

05 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031