Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сот ұжымы ардагерге алғыстарын білдірді

Сот ұжымы ардагерге алғыстарын білдірді


Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдық мерекесі қарсаңында Шиелі аудандық сотының ұжымы Ұлы Отан соғысының ардагері Байжанов Сәрсенбекті мерекесімен құттықтады. Сәрсенбек Байжанов 18 жасында Отан қорғауға аттанып, елге жеңіспен оралған, қазіргі күні 95 жасқа келген қазыналы қария. Майдангерді сот ұжымының атынан құттықтаған аудандық сот төрағасы М.Күздеубаев, судья Г.Құрманбай, жетекші маман Д.Тайыров ардагерге жеңісті жақындатуға қосқан ерен еңбегі үшін алғыстарын білдіріп, сый-сияпаттарын табыстады. Өз кезегінде ардагер сот ұжымына алғысын білдіріп, елімізге бейбіт өмір тіледі. Ардагерлер қатары жыл сайын сиреп барады. Оларға уақытында құрмет көрсетіп, ерліктерін дәріптей білейік! Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерекесі құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
08 мамыр 2018 ж. 1 747 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031